Елорда жамағаттары арасында футболдан «Теңбіл доп» турнирі ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен елордалық Діндерді зерттеу орталығы қала жамағаттары арасында футболдан «Теңбіл доп» атты турнирін ұйымдастырды.

Ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, Нұр-Сұлтан қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы және Нұр-Сұлтан қаласы ҚМДБ бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташаұлы Аманқұлов қатысты.

Турнир Қазақстан қоғамындағы бірлік пен ынтымақтастыққа жәрдемдесу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов бүгінгі футбол турнирі мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында өткізіліп отырғанын және азаматтарымызды өз денсаулығына қамқорлық жасауға, спорттық іс-шараларды қолдауға және уақыттарын тиімді өткізуге үндейтінін атап өтті.

Жарыс регламентіне сәйкес спорттық турнирге 8 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды «Алаш», екінші орынды «Куша», үшінші орынды «Орда» командалары иеленді.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сыйлықтармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Спорттық іс-шара барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен ұмытылмас күн сыйлады.