Дінаралық қатынастардың маңызы

Әлімқұлова С.Б.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы,

гуманитардық ғылымдар магистрі,

қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі

Дінаралық қатынастардың маңызы

Бүгінгі таңда, өркениетті өмір салтты негізгала отырып дамуды мақсат тұтқан халқаралық қауымдастық, дінаралық қатынастарда өзара сыйластық, мәмілелес болуды ең тиімді жол ретінде мойындауда. Оған, соңғы жылдары дінаралық және конфессияаралық қатынастарды реттуге бағытталған көптеген халқаралық іс-шаралар айғақ бола алады.

Қазақ даласында бағзы замандардан бері бейбіт өмірді ұран қылып, жырлап келген халқымыздың ізгі ұстанымдары өзіне тән рухаятынан мінез-құлқынан, тұрмыс-тіршілігінен, тарихи-мәдени дүниетанымынан аңғаруға болады. Ал бүгінгі таңда, еліміздің сарабдал саясаты мен халқымыздың рухани болмысының синтезі елімізде 130-дан астам этностар мен 18 конфессия өкілдерінің діни тағаттылық және өзара төзімділік қағидаттарына мойынсұнып дәстүрлі рухани құндылықтарын сақтай отырып қатар өмір сүруде. Осы өзара татулықты сақтау үшін мемлекет тарапынан қажетті саяси, құқықтық және әлеуметтік жағдайлар жасалуда.

Еліміз сыртқы және ішкі саясатта да, келісім мен ынтымақтастық қағидаттарын ұстана отырып әлемнің дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын жүзеге асыруды көздейді.

Қазақстан егемендік алған жылдардан бері мемлекетіміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тетіктерді қалыптастыруды көздеп келеді.

Оған ең алдымен елімізде 2003 жылдан бастап әр үш жыл сайын өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің жұмысы айғақ болмақ. Съезд – халықаралық деңгейдегі қуатты дінаралық институт ретінде діни қауымдастықтар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың орнауына жол ашты. Елбасы бастаған аса өзекті де, ауқымды бұл қадамға БҰҰ, ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ секілді басқа да бірқатар халықаралық ұйымдардың жетекшілері, танымал саяси және әлеуметтік қайраткерлер, белгілі сарапшылар бүгінде ерекше мән беріп отыр. Съез бүгінгі таңда жаһандық діни шиеленістерді шешу алаңы және ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің, сұхбаттастықтың бірегей модельі ретінде танылып отыр.

Жалпыға бірдей қабылданған халықаралық нормаларға сәйкес, мемлекет азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау мақсатында діни ұйымдардың қызметін реттеуге құқылы.

Елімізде  ресми тіркелген 3658 діни бірлестіктер мен олардың 18 филиалдарының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Бүгінгі таңда, Республикада 3464 діни ғимараттар тіркелген, олардың 2550 мешіт, 294 православ және 109 католик шіркеуі, 495 протестанттық шіркеу және ғибадат үйлері, 7 иудеи синагогасы, 2 будда храмы, «Кришна санасы қоғамы» және Баһаи қауымының 7 ғибадат үйлеріне тиесілі.

«Қазақстанның православ шіркеуі» республикалық діни бірлестігі құрамына 325 діни ұйым, соның ішінде 301 шіркеу, 9 епархия және 294 діни ғимарат кіреді. Республика аумағында армян апостолдық шіркеуі, шетелдегі православие шіркеуі, Помор православие шіркеуі және 3 ескі рәсімділер (старообрядцы) шіркеуі жұмыс істейді. Рим-католик шіркеуі 85 діни қауымдастықтан тұрады, оның ішінде 5 қауым грек-католик шіркеуіне тиесілі.667 протестанттық діни ұйымдардың арасында пятидесятник, евангелиялық христиан баптист, пресвитериан, жетінші күн адвентистері және евангелиялық-лютерандық шіркеулер бар.

Діни қатынастардың барлық тіркелген субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асырады және бейбітшілік пен келісім, қоғамның дамуы, мемлекетті нығайту үшін қызмет етеді. Діни бірлестіктердің басшылары Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына, орталық және жергілікті деңгейдегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына белсенді қатысады. Елімізде Діни Құрбан Айт және Рождество мерекелері демалыс күндері ретінде бекітілген. Бұл Қазақстанның конфессияар мен діндер бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз етудегі әлеуеті мол екенінің айғағы.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы жалпыға ортақ көпжақты халықаралық шарттардың қатысушысы - мемлекет болып табылады.

Жаһандану үдерісімен бірге жеке саяси күштердің діни экстремизммен терроризм идеяларын әлемге тарату арқылы өз мүдделерін көксеу үрдісі қатар жүретіні жасырын емес. Әлемде белең алып кележатқан халқаралық терроризмнің идеологиясы бірінші кезекте мемлекеттің, одан кейін мемелекеттік органдардың, дін қызметкерлерінің, қалыптасқан дәстүрдің, зайырлы өмір салттың және отбасының беделін түсіруге оларға қүмәнмен қарауға бағытталған.  Бұл үрдіс конфессияаралық қатынастармен қоса еліміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтірері ақиқат.

Осы орайда, еліміз дін саласын реттеуде дәне діни терроризм мен экстемизмнің алдын алуда бір қатар кешендік шараларды қолға алуда. Республика аумағында ғылыми-сарапшылар қауымдастығы мен азаматтық қоғам өкілдерін белсенді түрде жұмылдыру алқылы өткізіп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да оң нәтижеге беруде. Елімізде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту арқылы Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, зайырлылық ұғымын дұрыс ұғындыруға, діни, саяси - сыртқы факторлардан және радикализм мен діни экстремизмге қарсы тұра алатын қоғам қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы билік және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жасап жатқан жұмыстар одан әрі жалғасын табатынына сеніммен қараған абзал.

Қазақстан өзін зайырлы мемлекет ретінде анықтағанымен соңғы жылдары республика тұрғындарының ішінде діни ұстанымдағылардың саны артып кележатқаны байқалуда. Әсіресе теріс ағымдардың жетегіне лесіп кетіп жатқан жастардың саны да артуда.

Еліміздегі діни саланың жағдайы діни бірлестіктердің қызметі мен олардың бір-бірімен, қоғаммен, мемлекеттік органдармен және үкіметпен өзара қарым-қатынастарына айтарлықтай ықпал етеді.

Осы орайда еліміздегі «Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері жиыныны» конфессияаралық және дінаралық қатынастардың нәтижелі  қызметін айтқан жөн. Бұл мемлекеттік емес орган дін саласындағы кезкелген мәселелерге қатысты өз пікірлерімен болісіп, талқылау арқылы еліміздің қоғамдық өміріне белсенді қатысуда.

Бірегей тарихи-мәдени тәжрибеге ие, дінаралық қатынастардың өз үлгісін жүзеге асыра білген мемлекет ретінде Қазақстан танылуда.