Діни фундаментализмнің діни-саяси өзекті мәселелері

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасы мен Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Діни фундаментализмнің діни-саяси өзекті мәселелері» тақырыбындағы ауқымды семинар өтті.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шараларды жетілдірудің негізгі мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылып, діни фундаментализм, экстремизм мен терроризм проблемасы, деструктивті және экстремистік идеялардың таралуын болдырмау жөнінде дәрістер оқылды.

Семинарға Дін істері комитетінің төрағасы Е.Б.Нүкежанов, ҚМДБ мүфтиінің орынбасары Е.А.Оңғаров Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары Академиясының бөлім бастығы Б.Г.Нұрмағамбетов, әлеуметтанушы-зерттеуші С.Бейсембаев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері М.Қ.Бектенова және дін саласының өзге де мамандары қатысты.