ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ҮШІН СОТТАЛҒАН ТҰЛҒАМЕН СҰХБАТ

ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ҮШІН СОТТАЛҒАН ТҰЛҒАМЕН СҰХБАТ

 

  • - Қайырлы күн, Сырымбет Қабдулаұлы! Алтын уақытыңызды бөліп, сұхбаттасуға келіскеніңізге рахмет.
  • - Сәлеметсіз бе! Сіздерге де шақырғандарыңызға рахмет.
  • - Отбасыңыз жайлы сөз қозғасақ қалай қарайсыз?
  • - Жеке өмірім талқыланғанын қаламаймын. Аллаға шүкір, бауырларым, әйелім және бала-шағам болды. Қазіргі таңда бауырларым қасымда. Алла нәсіп етсе, шаңырақ көтеріп, саналы ұрпақ тәрбиелегім келеді.
  • - Дінге келуіңізге не себеп болды?
  • - 2001 жылы ақиқат іздеп намаз оқи бастадым. Сол уақыттарда Қазақстанда Назратулла, Абу Мухаммед деген уағызшылар шыға бастады. Солардың уағыздарын тыңдай бастадым. Радикалды ұйым құру деген ойға кеттім. Джихад жасау және басқа да теріс пиғылдағы ойлар келді. Ақ пен қараны ажырату орнына, ол кездері жоғарыда аталған уағызшылардың айтқан сөздерін дұрыс екен деп жүрдім. Уағыздар дұрыс емес жолға итермеледі, себеп болды. Кәпірлер дүниесі халал дейді, сол себептен кәпірлердің дүниесін алып қойып, басқа жолға жұмсау керек болды.

Еліміздің құқық қорғау органдары тез арада іске кірісіп, қарулы топты құрықтап, жарылыс жасау жоспары толықтай тоқтатылды. 2013 жылы 14 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылыған ауданаралық сотының шешімімен «Елордада терактілер жасамақ болды» деп айыпталған алды адамды 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге үкім шыққан болатын. Солардың бірі С.Жүнісов еді...

  • - Өз көзқарасыңыздың қате екенін түсінуге не түрткі болды?
  • - Ол кезде джихад ұйымдастыру, соғысудың не екенін түсінбедік. Діни сауаттың жоқтығынан сол әрекеттерге бардық. Ол қателіктердің бәрін мойындаймын. 6 жыл бас бостандығынан айырылу деген маған үлкен сынақ болды. Көптеген қиыншылықтан өттік. Жанұяма және тағы да басқа да мәселелерде өте ауыр соқты. Босқа өткен уақыт. Өкінемін!

2018 жылдан бастап С.Жүнісов «Астана қаласының Дін проблемаларын зерттеу орталығы» базасында деструктивті діни ағым ықпалынан оңалту мақсатында кешенді оңалтудан өтті. Материалдық (қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді), теологиялық (бірнеше жеке кездесу , «Тәжуид» сабағы аптасына 2 рет өтті), психологиялық көмектер көрсетілді. С.Жүнісовтің қатысуымен «Адасқанның оралуы...» тақырыбында бейнеролик түсірілді.

  • - Діни білім алу бойынша не айтар едіңіз?

Діни сауат алуды басқа жерден іздемеу керек. Діни сұрақтарды тек діни орталықтардан және мешіттерден сұраңыздар. Кезінде еліктегендердің бірі мен болғанмын. Зардабын шеккендердің де бірі мен. Сондықтан сіздерден сұрайтыным, еліктемеу!

 

Сұхбатыңызға рахмет!

 

Бүгінде Сырымбет жазасын толықтай өтеп шығып, дәстүрлі исламға бет бұрып, Ханафи мазхабына оралды. Отбасында қазақы салтты ұстанамыз дейді. Әйтсе де, абақтыға кеткен 6 жыл өміріне өкінеді. Енді қоғамға сіңісіп, қалыпқа келсем деген ойы бар. Ол күнге де жетер..

 

Сұхбат алған Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері А.Нұрбек