Әлеуметтік желі жайлаған деструктивті діни ағымдарға қарсы тұрудың тетіктері

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Дінтану кафедрасының 4 курс студенті
Сұлтанахмет Аружан 

Қазіргі кезде ғылым мен технологиялардың әсіресе, ақпараттық кеңістіктің ерекше дамып келе жатқаны қоғам үшін біршама залалы мен шешімі қиын күрделі мәселелердің шығуына алып келді. Бұқаралық ақпарат құралдары жаһанға жаңалықтарды жеткізіп қана қоймай, қазіргі дәстүрлі емес діни ағымдардың адам санасын жаулаудағы негізгі құралына айналып отыр. Интернет желісін қолданатындардың белсенділігі өз кезеңінде өте ерекше байқалуда. Өкінішке орай, осы әлеуметтік желіні белсенді қолданатындардың арасында деструктивті діни ағымдардың жетегінде жол табамын деп, керісінше шырмалып кетіп жатқандары әлемді толғандырып отырған үлкен мәселе.

Деструктивті діни ағымдар әлеуметтік желіні өте тиімді  қолданып,  өздерінің аудио, видеожазбаларымен, лекцияларымен, кітаптарын әлеуметтік желілерге белсенді түрде жариялап, жастардың саналарын оңай жаулауда. Бастапқыда исламға жай ақпарат беретін қарапайым сайт негізінде жұмыс жасауы мүмкін. Ашықтан ашық идеологияларын бірден насихаттамай, саналарына ақырындап ақпарат беруден бастайды. Негізінде олардың бұл әрекеттерінің астарында халықтың дәстүрлі құндылығын жойып, мұсылмандарды ыдыратудың саясаты жатыр. Олардың заманауи ақпараттық қосымшаларды әлеуметтік желілерге кәсіби түрде қолданулары әсер етуде. Осының салдарынан жастарымыз отанға деген сүйіспеншілік сезімі суып, этикалық нормалары, жеке құндылықтары ыдырап, қоғамға деген қауіпін сейілтер емес. Нәтижесінде желіқолданушылар арасында мемлекеттік жүйені ыдыратып, заңды мойындамау фактілерін жиі кездестіруге болады.

Жастардың көбінде өз алдына асығыс шешім қабылдап, көпшілік не айтса, соған еріп кетуге бейім тұратынын білеміз. Ақпараттарды жеткілікті түрде саралап алмай жатып, деструктивті діни ағымдардың қатарына тез қосылып кетуінің себебін қысқаша қарастырып көрелік. Негізі адамның өзін тастап жіберінуіне, депрессияға түсіп айналасынан, қоршаған ортадан жылулық іздеуіне отбасылық қайшылықтар әсер етеді. Әйтпесе ешбір адам себепсізден жалғыздық күйіне түспейді. Оның өміріне бірінші әсер ететін ата-анасы, ортасы. Қазіргі кезде көп ата-аналар мен жасөспірімдер арасында толыққанды диалог жоқ. Ата-аналар балаға не қажет екенін, ол әлеуметтік желілерде қандай ақпараттар қарап отырғанынан, кіммен сөйлесетінінен хабарсыз. Ата-анадан жылулық жетіспейтіндер әрине сырттан қолдау іздей бастайды.

Деструктивті діни ағымға еріп бастаған жастар көңілге жағымды ортамен қауышады. Өзін таңдаулы, осы ағымның идеологияласын тарату өмірлік миссиясы, парызы ретінде сезіне бастайды. Сәйкесінше, біршама социологиялық статистикалардың нәтижелеріне сүйенсек, жастардың 70 %-ға жуығы өздерінің алғашқы діни сауаттарын әлеуметтік желі арқылы алатыны анықталған.  Деструктивті діни ағымның жетегіне кететіндердің 88%-на осы әлеуметтік желі тікелей әсер етіп отыр. Жастарымызды деструктивті діни ағымдардан қалай қорғауға болады деген мәселеге келсек, біріншіден біздің жастарымыздың діни сауаты салыстырмалы түрде өте төмен. Сәйкесінше біз жастарға қауіптің қайдан пайда болып жатқандығын, ол қауіп неден, қалай келетінін барынша түсіндіруіміз қажет. Жастар өздігінен аталмыш деструктивті діни ағымдардың дұрыс емес екендігін, олардың қауіпті екендігін саналы түрде түсіне алулары керек. Сонымен қатар, оларға әсер ететін негізгі факторлар, жастарда рухани, қазақи, дәстүрлі иммунитеттің қалыптасуы. Халықтың салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін жеткізу жастарды деструктивті діни ағымдардың құрсауынан құтқаратын бірден-бір фактор болар еді. Біздің қоғамымыздың шала сауаттылығы да,  арнайы діни білімнің болмауы теріс діни ағымдардың ықпалына түсуге мүмкіншілік береді.

Діни бағыттардардағы ақпараттарды әлеуметтік желілерден алу аса сақтықты қажет етеді. Әлеуметтік желі ақпараттың қайнар көзі. Дей тұрғанмен, сол ақпараттарды саралап, тексерілген ресми діни сайттардын қарау қауіпсіздігіміздің бірден-бір кепілдігі болмақ.