МИМИКРИЯ

ЖАРАС АХАН,

ТАРИХШЫ

МИМИКРИЯ

немесе псевдосалафиттердің сыртқы түсін өзгертуі

Биологияда «мимикрия» деген құбылыс бар. Белгілі бір жануар не жәндік өзін қоршаған ортаға сай өңі мен түсін өзгертеді. Яғни, сыртқы қалыбты өзгертуі.

Айтпағымыз псевдосалафилер туралы еді. Өздерін салафилер деген атпен идеологиясын таратып жүрген уахабилер, қазіргі сыртқы тонын өзгертті. Олар қоғам арасында уахабилер мадхалилер, суруридтер, байсалды салафилер деген атпен белгілі. Бұлардың арасында өзара келіспеушіліктері болғанымен, кітаптары мен ғалымдары ортақ (бұрынна бар ақпарат). Енді қазіргі таңда аттарын қалай өзгертті дейсіздер ғо. Өздерін ханафи мазхабымын деп, тақия киіп алды (тақия деген өздерінің мақсатына жеткенше қоғамның формасында болуы). Оңалту жұмыстарында теологтардың ыңғайына жығылған болып көрінгенімен, үйлеріне барып өз сенімдері бойынша әрекет ете береді. 2013-2015 жылдары республика бойынша дәстүрлі бағытқа өтті деген кейбір діншілдер, шекара асып Сирия жеріндегі отқа жөнелді. Бұл жердегі мәселе олардың сыртқы құбылысын өзгертіп, ішкі сенімінде қала беруі. Бүгінгі бұл сенімдегілер қоғамның өздеріне араздығын, қолдамайтынын білген соң, ақырын айлағ көшті. Оның аты – мимикрия. Яғни, саясатты қолдау, билікті ашық қолдау, пікірталасқа түспеу, сыртқы қалыпты өзгерту, әлеуметтік желіде жалған топтар ашып, тасадан тас ату. Олардың тарапынан мұндай құбылыс байқалғасын билікте ашық күресті баяулатты. Яғни жеңдік деген сыңай көбімізде байқалғанға ұқсайды. Алайда бұлардың ол тірлігі кезіндегі орыс генералы Кутузовтың тірлігіне ұқсайды. Фелдьмаршал Кутузов Наеолонды жеңу үшін орыс патшасын Мәскеуді тастауға көндіріп еді ғо. Артынша үлкен күшпен келіп, Напеолон әскерін ойсыратты. Әрине айтпағымыз орыс генералы емес еді біздің. Айтпағымыз әдіс айлада болып отыр. Себебі соғыс тек ғана қолмен ғана емес, ақпараттық соғыс та жүріп жатқаны белгілі. Біз салафилердің осы шегінісін пайдаланып ұлттық тарихи санамен ұштасқан дәстүрлі түсінікке қырауар ақша бөліп, қазақ қоғамын идеялық көркем тартымдылықпен баурап алуымыз қажет. Көптің қолдауы енді келер жат идеяларды жұтып алып, оның орнына көк шөптегі фотосинтез процесі сияқты жақсы идеялар ұсынып отырар еді. Кезіндегі Кеңес үкіметінің саясаты қазақ даласына қарапайым шаруаны құқығын қорғау желеуімен келген еді. Салафилердің де уақыты толғанда басқаша әдіс шаралармен келуіне ешкім күмән келтіре алмас. Өйткені кез-келген идеология халыққа тартымды әдіспен келері хақ. Олай болмаса халықтан қолдау болмайтынын жақсы түсінеді. Бір айтарымыз, 90 жылдары жіберген қатеміздей, санымызды тағы да соғып қалмасақ болғаны. Біздің өзімізге де рухани жаңғырып, ақылды қозғап, сананы билер идеялық тартымдылығы мол әдіс қажет. Өкінішке орай біздің көп жұмыстарымыз халықты сақтандырғанымен, оларға тартымдылық жағын ұсына алмай жатқанымыз. Оның бір ғана себебі бар. Ол- маман. Хакім Абай айтпақшы «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстайтын» мамандар тапшылығы. Біздің идеология саласындағы басшылықтағы мамандарымыздың рационалды пікірлері, яғни  тек ғана «суық ақылды» (суық ақыл жүректі қозғар идеялық тартымдылықта болуы қажет) бағыттары халықтың көңілінен шықпай жатыр. Сондықтан, жекелеген идеологтардың (жат бағыттағы) халыққа өтімділігі артып отыр.