ПСЕВДОСАЛАФИЗМДІ ЖЕҢЕТІН ТАРИХИ САНА

ЖАРАС АХАН,

ТАРИХШЫ

 

ПСЕВДОСАЛАФИЗМДІ ЖЕҢЕТІН ТАРИХИ САНА

Қазіргі әлемдегі болып отырған діни-саяси ахуал тұрақты емес екенін, оған түрлі саяси-экономикалық астыртын күштердің жағымсыз әсер етіп отырғаны жалпы халыққа белгілі жағдай. Таяу шығыс елдерінде орын алған діни экстремистік топтардың елдер ішінде ылаң салып, бүлік шығарғаны, одан қаншама жазықсыз азаматтардың жапа шеккені ақиқат жағдай. Кейбір теріс идеялардың жастардың санасына сынамалап еніп отырғаны әлі де жағдайды ушықтырмаса жақсартпайтыны анық. Елімізде жүздеген, мыңдаған  азаматтарымыздың  әлі де болса  жалған ағымдардың жетегінде жүргені белгілі жағдай.

Бүгінгі ел арасында радикалды іс-әрекеттерге итермелеп отырған псевдосалафилердің (уахабилердің) теолог мамандардың пікірінше «идеялық тартымдылығы» тоқтар емес. Мұның соңы діни дүрдараздықтың тоқтамайтындығын білдіреді. Өңірлердегі Дін істері басқармаларының жыл сайынғы есептеріне назар салсақ, бүгінгі оңалту саласындағы атқарылып жатырған жұмыстардың нақты күрес болғанымен нәтижесі көңіл көншітерлік емес (мысалы өңірлердегі оңалту орталығы тарапынан жылына 100 теріс ағым мүшелері оңалтылса, теріс ағым мүшелері сонша азаматты өз қатарларына қосып  алуда, мұны псевдосалафилер санының азаймағынан да байқауға болады). Бұл күрес жұмыстарының барысы оңды болғанымен, нәтиженің елдік, ұлттық мүддеге пайдалығында болып отыр. Елдегі діни экстремизммен күресте шет елдік теріс ағым жолындағы ұстаздың(шейх) діни түсінігіне өзге шет елдегі басқа бір ұстаздың түсінігімен жауап беру орын алған. Бұл түптеп келгенде ұлттық мүддені түгендемейді. Бұл радикалды ағымдармен күрестегі мамандардың да рухани жаңғыруы қажеттігін туындатады. Ол үшін өзіміздің төл ұлттық жобамыз тарихи санамен ғана қарсы тұрып, жоғымызды түгендей алмақпыз. Псевдосалафизмге қарсы идеялық тартымдылықтың орнын тарихи сана алмастыра алады.

Халықтың ұлттық болмысы мен ғылымға деген ынтасын, махаббатын оның рухын ислам арқылы да тәрбиелеуге болады. Сонда оның ұлттық ойлауы имани деңгейге, ғылымға құштарлығы екідүниелік ойлау болмысына айналады. Сол кезде ондай ұрпақты ешбір күш тоқтата алмайды деп сенем. Себебі дінде қаттылық бар. Санамыздың нағыз тәуелсіздігі осы жерден басталатын шығар.

Мәселе тәпсірде

Біздегі мәселелердің нүктесі исламда емес тәпсірде. Ислам ол: Ғылым Алланың сипаты деген ислам. Ислам, ол: ұлттан жараттым деген ислам. Ислам, ол: отанының шекарасы мен тыныштығын күзеткен көз тозақа күймейді деген ислам. Ислам, ол: сені тозақтан қайырымдылығың мен жақсылығын ғана құтқарады деген ислам. Сондықтан, мәселе исламда емес, оны тәпсірлеушілерде. Ұлттық болмысты имани деңгейге көтеру үшін, ұлттық жолымызды исламмен тәпсірлеу ләзім. Мұны жасай алмасақ, ұлтты қазіргі жаһандану жағдайында сақтапта қала алмаймыз. Уахабизмнің жаһанданудың бір бағыты екенін ұққанымыз жөн.

Бұл жастардың рухын ғылымға итермелеуге де қатысты. Біз көбінесе еуропаның ғылым жүйесін басшылыққа алуға тырысамыз. Ал ол жүйенің қазақ философиясында да, ислам философиясында да бар екенін ұқпаймыз немесе мойындамаймыз. Бұл әр азаматтың ұлттық болмыс пен исламнан хабары жоғынан (шын мәнінде бар, бірақ санасы жаңғыртылмаған). Шын мәнінде исламда  ұлттық рухты имани деңгейге көтеретін де, адамның рухын ғылымға баулып, итермелейтінде орасан зор күш бар. Оның шешімі тағы да тәпсірде. Тәпсіршінің өзінің санасы төмен, білімі таяз, көкірек көзі ашылмаған болса, онда оның ойынан діни араздықты қоздыратын, радикалды, санасыз дүниелер шығады. Исламның сыртқы қалыптан гөрі ішкім мәнге түскенін түсінбей келеміз. Шәкәрімше айтқанда: "сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді". Қазақтың жаңғыруының түпнегізі осыда. Ішкі күш, ішкі мән. Қасиетті құранның өзінде Аллатағала айтпайма: "Мен құдыретімді адамдар арқылы" көрсетемін деп. Тарихта ислам әлемі неге ғылымның биік шыңына шығып(сол кездің дәуірінде), классикалық ислам деген атпен танылды. Мәселе Құдай жоқтан бар жасаса, біз бардан бар жасау керекпіз (ата бабалар сөзі). Құдайдың кереметін ғылымға ұмтылып, ғылым арқылы көрсетсек болды. Бұл жерде ұлттық ғылым туралы атып отырмыз. «Шын мәнінде білетіндеріңнен білмейтінің көп», -  демей ме қасиетті Құранда. Сондағы нақты түйін Алланың құдыретін ғылым арқылы ашып, оны халқыңның пайдасына ыңғайлау.

Псевдосалафизмді жеңетін - Тарихи сана дедік. Қазіргі айтыс- тартыспен псевдосалафизмді түбегейлі жеңеміз деу бекершілік. Кез келген қауіпті идеологияға қарсы қуатты идеологияны ғана қарсы қойып, ойылған олқылықтың орнын толтыра аламыз. Ол идеологияның аты - "Тарихи сана". Шет елдік теологтар радикализм өз-өзінен қуат алатын энергия дейді. Ұлтжандылықта өз-өзінен күш алатын рух. Демек қарсы қоя алатын күш табылды деген сөз.  Қалған тірліктің бәрі уақыт пен шығынды босқа өлтіру.

Бүгінгі ел арасын ылаңдай бүлдірген жат идеологиялардың негізі сырттан таңылғандықтан, оған қарсы күш ұлттық болмыс екенін тағы да ұғамыз. Халықтың рухын билер жат идеологияларға ұлттық құндылықты ғана қарсы қоя аламыз. Мемлекет халықтан құралады.  Халық Құдайдың бір аты деген қазақ. Демек, сыбызғының өзінің негізін іздеп ыңаранғаны секілді, халықта өзінің негізін іздеп шатасумен болмақ. Шатаспаудың ең дұрысы өз негізінен рухани суару ғана. Біз бұдан сыртқы болмыстың ішкі мәнге байланысын ұғамыз. Ал, ішкі мәннің өз негізінен ғана нәр алатын бағамдаймыз. Бізге белгілісі осы байланысты ретпен үйлестіргенде ғана халықтың өз жолынан таңбайтыныны.

Қазақ ұғымында «сергек болу, тың болу» деген ұғымдар орын алған. Бұның тән емес жанға ғана байланысты екенін көреміз. Демек адам жанының бойында құндылықтар аумасқанда жанды билер рух қалыптаспақ. Ол рух қайдан келді, бұл өте маңызды. Енген рухтың әсерінен адам санасы не тың, не ұйқыда болмақ.

Ұлты мен отанын сүю Пайғамбардың сүннеті. Пайғамбарымыз өз ұлтының тілінде сөйлеп, өз ұлтының дәстүр-салттарын қадағалап ұстады. Демек, өз ұлтыңның тілінде сөйлеп, өз ұлтыңның салтымен жүру сүннет. Қасиетті Құран Кәрімде Алланың адамдарды ұлтқа, ұлысқа, руға бөлгені айтылған. Адам өз тумысына қарсы келіп ұлтын, ұлысын жоғалтуы Алланың еркіне қарсы шыққандық болмақ.

Исламда ұлтшылдық жағымсыз дүние емес. Керсінше адам исламды таныған сайын ұлтын сүйе бастайды. Егер исламда ұлтшылдық болмағанда Пайғамбарымыз (с.а.у.) Арапты үш сыйпатта құрметтеңдер демес еді. Демек ислам алдымен өз ұлтыңды құрметтеп сүюдің өзге ұлттарды құрметтеуге жол ашатынын меңзейді.

 Қасиетті Құранның «Ибраһим» сүресі, 4-аятында: «Біз әр пайғамбарды қауымына ақиқатты ашып түсіндірсін деп, тек өз қауымының тілінде сөйлейтін етіп жібердік» деген сөзді Сәдуақас Ғылмани атамыз келтіре отырып, дін адамдарын үшке бөліп қарастырады. Әрі аталмыш аяттың тәпсірі негізінде әр халықтың өз әдет-ғұрпын, өмір сүру дүниетанымын басты назарға алып, «ад-Дин уа-л-Адаб иесі и’тидал би-л-мутауассит» жолын ұстануды насихаттағанын, өзі де осы көзқарасты жақтайтынын айтады. Ислам философы имам Ғазали: «Адам нені таныса, соны сүйеді. Нені сүйсе, соның соңында болады», дейді. Отанын сүйген пенде ғана Алласын сүйіп жарытады екен. Пайғамбардың «отанды сүю иманнан» деген хадисінің мәні осыда. Мұндай таным Құдайын танығаннан кеңеймек.

Сондықтан тарихи сананы әркез оятып отыру қажеттігі туындайды. Анатомия ғылымында дәлелденген «генеологиялық жады» деген түсінік бар. Яғни, сонау ғасырлардан бері ата-бабаларының санасындағы ақпараттың ұрпағына жеткізілуі. Мұны тарихи сана деп атасақта болады. Бұл сана діни әрі ғылыми тұрғыдан да сараптасақта, сабақтастықтың көрініс екені анық. Демек, кез-келген тосыннан келген жат идеяларға ұрпақтың тарихи санасын жаңғырту арқылы қарсы ықпал етуге болады деген сөз.

Псевдосалафилердің санасында ислам діні мен ұлттық бастаулар арасында идеялық қақтығыс көп. Сондықтан біз оңалту барысында антиэкстремистік идеологияның тек діни процесс пен құрылымдар арасында қалып қоймағаны абзал.

Кейбір мұсылман елдерінде (Малайзия, Түркия) ислам мен ұлттық патриотизм сезімін ұштастыра біледі. Ал бізде керісінше ислам діні мен ұлттық бастауларымыздың арасында қақтығыс жиі туындап отырады.

Қазіргі таңда салафизм мен дәстүрлі діннің тарихы тым тереңде, оларды ұстанған адамның бір пікірге келуі неғайбыл деген пікірлер толып жүр. Бұл қате пікір. Мысалы бүгінгі псевдосалафиттер ата-бабасынан бері салафит емес қо, жадысында сақталып тұратындай. Бүгінгі ақпарат санасындағы уақытша ғана ақпарат. Арғы жағындағы генеологиялық жадысын жаңғыртсақ, бергі жағындағы ақпарат жуылып, шайылып кетеді. Тостақандағы қатқан кірдің бетіне қатқан кір сияқты бүгінгі салафилік ақпарат.

Генеологиялық жадысын  жаңғыртсақ, бүгінгі салафитбіз деп жүргендер ата-бабаларына ұқсай бастайды екен (бір тентектің дүниеден өткен әкесінің жақсы адам екенін мақтасақ жаны тірілетіні сияқты). Ол үшін алдыңызда тұрған адасушы салафиттің қазақтың бір тұлғасына деген махаббатын ашу қажет (мысалға, Мәшһүр Жүсіп шығармаларын тыңдағысы келетін салафилік ағым мүшелері тәжірибеде сақталған). Ислам философы Әл-Ғазали: «Таныған адам сүйе бастайды, сүйген адам сүйгеніне ұқсай бастайды», дейді.

Адам - әдемі бейнені, көріністі елестетіп, кейін оны көзімен көрсе соған ынтызарлығы артқандай болады екен (Ғазали). Пенде неге сенсе, сол оның әлемі болады (Руми). Оңалту жұмысында адасушыны қиялындағы әлемінен ажырату керек.

Ата-баларына деген сағынышты оятудың маңыздылығын жоғарыда сипаттадық. Егер балаға ғайыптағы (көзіне көрінбейтін) немесе қасындағы яки болмаса қайтыс болған адамды жақсы көрсеткіміз келсе, оны ерлік, жомарттық, білім және басқа да сүйкімді сипаттарымен көптеп мақтауымыз қажет екен. Егер бала осы сипаттарға сенсе, онда сол адамды жақсы көретін болады. Ерлік жасаған ата бабаларымызды жақсы көру сезім мүшелерімен танылмайтын жақсы мен жаман мінездерге берілген терең сипаттардың арасында. Тарихымыздағы бір патшаның тарихында оның әділ, қайырымды, адамдарға мол жақсылық жасағандығы баяндалса, жүректен оған деген махаббат орын алады. Бұл адам әлгі патшаның жақсылығын көрмесе де жағдай осылай болмақ. Демек адамның махаббаты өзіне жақсылық қылған адаммен шектелмейді. Жақсылық жасаған адамның ізгілігі басқаларға жетпесе де олар оны болмысы үшін жақсы көреді. Демек сыртқы бейнелер сыртқы көзбен, рухани бейнелер рухани көзбен танылмақ. 

Демек генеологиялық жады ұрпақтың санасында болады және әрқашан жаңғыруды күтіп, бұғып жатады.  Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаевтың да рухани жаңғыру бағдарламасында айтпағы осы.