Құран ғылымына кіріспе

Кіріспе

Құран – Исламның мәңгілік мұғжизасы. Ғылыми түсініктер мен сөйлемдер оның теңдесіз бірегейлігін ашуға көмектеседі. Алла Құран Кәрімді адамдарды надандықтан құтқарып тура жолға салу үшін Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) уаһи арқылы жіберді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Құранды сахабаларына жеткізетін және олар оны еркін түрде түсінетін. Ал түсінбеген жерлерін, сұрап отыратын. Бұхари, Муслим және басқа да көптеген мухаддистер риуаят еткендей, Ибн Масғуд мына бір хадисті бізге былай деп жеткізген: «Иман келтіріп, бірақ имандарына зұлымдық жасамағандар…..»[1] аяты түскенде, бұл аят сахаба қауымына өте ауыр соққы болды және «Уа, Алланың елшісі: Қайсымыз нәпсімізге зұлым етпедік?» дегенде Пайғамбарымыз оларға: «Бұл сіздердің түсінген мағынада емес, Сіздер салих құлдардансыңдар «Күмәнсіз шірік (Аллаға ортақ қосу)- үлкен зұлымдық»[2] есітпедіңдер ме? Бұл шірік деген»[3].

Хз. Пайғамбарымыз кейбір Құран аяттарын асхабына тәпсірлеп беретін. Укба б. Әмір риуаят еткендей, Пайғамбармыз (с.ғ.с.) мінберде болған кезінде: «Оларға қарсы қолыңнан келгенше барлық күштерді дайында»[4] деген аятты оқығанын кейін; «Күш дегеніміз бір нәрсені лақтыру, есте сақтаңыздар» деп айтқанын естідім» деген.[5]

Сахабалар Алла елшісінен Құранды үйренуге, түсінуге және жаттауға көп мән беретін. Мұны өздері үшін құрмет санайтын. Әнас (р.а.): «Арамыздан біріміз «Бақара» және «Әли Имран» сүрелерін оқығанда, ол адам біздің алдымызда дәрежесі жоғары болатын»[6] деген. Міне, Сахабалар Құран Кәріммен амал етуге және үкімдерін үйренуге көп көңіл бөлетін.

Абдуррахман әс-Сүлемиттен жеткен риуаят бойынша ол: «Осман ибн Аффан. Абдулла ибн Месуд және басқа Құран үйреткендердің айтқаны: Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) он аят оқып, үйреніп, тәлім-тәрбие алып және жүзеге асырмастан, басқа аяттарға өтпейтін еді. Міне осы себептен де олар: «Біз Құранды түгелдей білім мен амал жағынан үйрендік», – дейтін. (Абдурраззақ бұл хадисті осыған ұқсас сөзбен жеткізген).

Құран Кәрімнің жазылуы

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Құран Кәрімнен басқа сөздің жазылуына рұқсат бермейтін, оған басқа сөз кедергі келтіреді деп қауіптенді. Муслим Әбу Саид әл-Худриден жеткізген риуаят бойынша Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Менен ештеңе жазбаңдар. Кімде-кім менен Құраннан басқа бір нәрсе жазған болса, оны өшірсін. Менен (тек ауызша) риуаят етсін, оның еш зияны жоқ. Кім менің атымнан өтірік айтса, тозақтағы орнына дайындалсын»[7] деп бұйырған.

Осыдан кейін Хз. Пайғамбарымыз кейбір сахабаларына хадис жазуға рұқсат бергенімен, бұл Алла Елшісінің (с.ғ.с.) кезінде және Әбу Бәкір мен Омардың халифалығы кезеңінде тек Құран Кәрімге негізделген түсіндірмелер ғана жазылды.

Хз. Османның халифаттық кезеңіне келер болсақ,[8] мұсылмандардың бір мүсһафта бірігуіне себеп болды және бұл жұмыс сәтті аяқталды. Жиналған мүсхафты «Имам Мусхафы» деп атап, оның көшірмелері басқа қалалардағы мұсылмандарға жіберілді. Ал, жазу стилінде Хз. Османға тиістіріп «Рәсм-и Османи» есімі берілді және ол бастапқыда Құранның ресми ғылымы деп те аталды. [9]

Содан кейін Хазірет Әлидің халифаттық кезеңінде оның бұйрығымен, Әбу л-Әсуәд әд-Дуәли Құран Кәрімнің жазылуын және Құран мәтінінің дұрыс оқылуын қамтамасыз ету мақсатында «Нахиф» ережелерін анықтаған және бұған бастапқыда «Құран білімі» деп атау берілді.

Құран кәрімге тәпсір жасаған сахабалар және ғұламалар

Сахабалар арасында түсіну қабілеті жоғары және Хз. Пайғамбарымызбен бірге болғандар арасында кейбір мәселелерде келіспеушіліктер болғанына қарамастан, Құранның мағыналары мен кейбір аяттардың тәпсірін жеткізуді жалғастырды және олардың ізбасарлары болған шәкірттері де жеткізіп отырды. Соның арасында сахаба тәпсіршілердің ең атақтысы: төрт халифа, Ибн Масуд, Ибн Аббас, Убайи б. Катб, Зәйд б. Сәбит, Әбу Мұса әл-Ашари және Абдулла Ибн әз-Зубайрді атауға болады.

Құран Кәрім тәпсірінде Абдуллаһ б. Аббас, Абдуллаһ б. Месуд, Убей б. Қағбтан көптеген риуаяттар жеткізілген. Алайда бұл риуаят етілген деректермен, Құранның толық тәпсірі шықпайды. Бұл риуаяттар кейбір аяттарды ықшамдап және түсініксіз болған аяттарды түсіндірумен ғана шектелген.

Табиғунға келсек, олардың бір тобы тәпсірмен танымал болды. Олар сахабалардан жеткен риуаяттарды алып, кейбір аяттардың тәпсірінде ижтиһад жасады.

Меккеде: Ибн Аббастың шәкірттерінен Сайд б. Жубәйір, Мужахид, Икриме (Ибн Аббастың құлы), Тааус б. Кейсан әл-Йәмәни, Ата б. Әби Рәбәһ. Мәдинада: Убәйи б. Қалбидің шәкірттерінен Зәйд б. Әшлим, Әбу л-Әлийе, Мұхаммед б. Кәтиб әл-Курази. Иракта: Абдулла б. Улисудтың шәкірті Алқаме б. Кайс, Мәсрук, әл-Әсуәд б. Йезид, Әмир әш-Шағби, әл-Хасан Басри, Қатаде б. Диәмә әс-Сәдуси танымал болды.

Бұл тақырыпта Ибн Таймия былай дейді: «Тәфсирге келетін болсақ, Меккелік тәпсір ғұламалары өте жақсы білетін еді. Өйткені олар Ибн Аббастың шәкірттері. Мужәхид, Ата б. Әби Ребаһ, Ибн Аббастың құлы Икрима және Ибн Аббастың шәкірттерінен Тауус, Әбу ш-Шасаа, Сайд б. Жубәйр және т.б. Сонымен қатар, Ибн Масғудтың шәкірттерінен болған Куфалы тәпсір ғұламалары. Міне, осы тәпсір ғұламалары басқалардан жоғары дәрежеге ие. Мәдина ғұламалары тәпсірдің тәсілін, Зейд б Әсләмәдан Мәликтен алған. Мәликтен де ұлы Абдурраһман және Абдулла б. Уәһб алған»[10] деген пікір айтқан.

Ғарибу л-Құран, Әсбәбун-Нузуль, Мәкки Мәдани, Насих және Менсух сынды тәфсир білімі осы кісілерден риуаят етілген. Алайда бұл деректердің барлығы дерлік ауызша баяндауға негізделген.

Тәдуин (жинақтау) кезеңі II ғасырда басталды және әртүрлі тараулармен хадистер жинақталды. Бұл тараулардың бәрі де тәпсірге қатысты хадистер болатын. Кейбір ғалымдар Алла Елшісінен (с.ғ.с.) сахабалардан және табиғундардан, Құранның тәпсіріне қатысты риуаяттарды жинақтаған. Олардың кейбіреулері мыналар: Язид б. Харун әс-Суләми (ө. 117/735) Шуғбә ибн әл-Хаджаж (ө. 160/776), Уәқи б. әл-Жәрраһ (ө. 197/812), Суфиян б. Уйәйнә (ө. 198/813) және Әбдурреззак б. Хәммам (ө. 211/826) сынды ғұламалар тәпсірде атақты болды.

Бұлардың барлығы хадис имамдары болған. Олар тәпсірге қатысты риуаяттарды баптарға бөліп жинақтады. Алайда жазылған бұл тәпсірлердің мәтіндері бүгінгі күнге жетпеген. Осы кезеңнен кейін бір топ тәпсір ғұламалары, өздерінен алдыңғы жазылған тәпсірлердің әдістерін зерттей келе, аяттардың орналасуына қарай Құранның толық тәпсірін жазып шықты. Бұл ғұламалардың ішіндегі Ибн Жәрир ат-Таберидің (ө. 310/922) тәпсірі танымал болды.

Осылайша тәпсір; риуаят және телакки тәсілімен ауызша басталып, кейін хадис кітаптарындағы баптардың бірінде жинақталып, одан кейін барып тәпсір риуаяттары жеке және дербес жинақталды. Ең соңында да Риуаят тәпсірі және Дираят тәпсірімен қорытындалған. Осылайша, тәпсір ғылымы аясында Құрандағы мәселелерді тұтастықпен қарастыратын өзекті/пәндік және тақырыбына қарай тәпсірлеу басталды және ешбір тәпсірдің бұдан ұзақ болуы мүмкін емес.

Алғашқы тәпсір ғұламалары

Хижри үшінші ғасыр тәпсір ғұламалары: Атақты Бұхаридің ұстазы Әли б. әл-Медини (ө. 234/848) Әсбәб-и Нузул, Әбу Убәйд әл-Қасым б. Селам (ө. 224/838) Насих-Менсух пен Қирағаат, Ибн Кутайбе (ө. 276/889) Мушкилу л-Қуран тақырыптарында еңбектер жазды.

Хижри төртінші ғасыр тәпсір ғұламалары: Мұхаммед б. Халаф б. әл-Мәрзәбан (ө. 309/921), әл-Хауи фи Улуми л-Құран, Әбу Бәкир Мұхаммед б. әл-Қасим әл-Әнбари (л. 328/939) Улуму л-Құран, Әбу Бәкір әш-Шизистани (ө.330/941) Ғарибу л-Құран, Мұхаммед б. Али әл-Утфуфи (ө. 388/949) Әл-Истиғнау фи Улуму л-Құран атты еңбектер жазды.

Осыдан кейін авторлық тәпсір жалғасын тапты. Авторлық тәпсір дегеніміз, Құран Кәрімнің ішінен белгілі бір тақырыпты таңдап, осы тақырыпқа қарай ғылыми түсініктер бере отырып жеке дара әдебиеттер жазылды. Олар: Әбу Бәкір әл-Бакиллани (ө. 403/1012) Ижәзу л-Қуран, Әли б. Ибрахим Ибн Саид әл-Хуфи (ө. 430/1038) Иғрабу л-Қуран, әл-Мауәрди (ө. 450/1058) Әмсәлу л-Қуран, әл-Изз б. Әбди с-Сәләм (ө. 660/1261) Мәжәзу л-Қуран, Әләмуддин әс-Сәхафи (ө.-643/1245) Илму л-Қират, және Ибну л-Қайуум (ө. 751/1350), Ақсаму л-Қуран тақырыптарында еңбектер жазды.

Айтылған тақырыптардың барлығын немесе басым көпшілігін бір әдебиетте жинақтауға келетін болсақ, Мұхаммед Абдулазим аз-Зуркани «Менахилу л-Ирфан фи Улуми л-Қуран» атты еңбегінде бұл туралы толық мәлімет берген.[11] Мұхаммед Абдулазим аз-Зуркани Мысырдағы «Мысырлықтар Кітапханасынан» Әли б. Ибраһим Ибн Саид әл-Хуфидің «Әл-Бурхан фи Улуми’л-Қуран» атты 30 томдық қолжазбасын тауып алады. Бұл қолжазбаның 15 томы ретсіз және аралас жазылған болып шығады. Бұл жерде автор Құран аяттарын мұсхаф ретімен қайта қарастырып, әр тақырыпқа жеке атау беріп, оның Құран ғылымдарының қайсысына жататынын сөз етіп, жалпы түсінік беру арқылы тиісті аяттарды қайта қарастырып, «Әл-Қәули фи л-Қаули Тәалаәзза уә Жәлла» сөйлемін әр аяттың жазуы арқылы  ретке келтіреді. Сосын осы тақырыптың астына «Әл-Қәули фи л-Иғраб» деген тақырыпшаны қойып, аяттың тілдік және грамматика жағын түсіндірді. Одан кейін «Әл-Қәули фи Мәғнә уә Тәфсир» деген атаумен аяттарды баян және хикмет әдісімен түсіндірді.

«Әл-Қәули фи л-Уақф уе т-тәмәм» тақырыпта уақыптың жайыз болып, болмағаны түсіндіріледі. Сонымен қатар, жатқа оқуды бөлек тақырыппен зерттеп, «Әл-Қәули фи л-Қираат» деп атады. Қажет болған жағдайда аяттан алынған үкімдерді де қоса түсіндірген. Әл-Хуфи міне осындай ерекше әдісімен, Құран ғылымдарын құрастырған ең алғаш ғұлама болған. Осы тәсілді пайдалана отырып, Ибну л-Жәузи (ө. 597/1200) Фунун л-Әфнан фи Әжайби л-Улуми л-Қуран, Бедреддин Әз-Зәркәши (ө. 794/1392) Әл-Бурхан фи Улуми фи Қуран деп мазмұнын толықтырып тәпсір кітабын жазды, бұған толықтырулар еңгізіп қайтадан Джелалуддин әл-Булки (ө.824/1421) Мәуәкиу л-Улум мин Мәуәкии Нужум деген тәпсір жазып шығады. Кейінірек Жәләлуддин әс-Суйюти (ө. 911/1505) Әл-Итқан фи Улуми л-Қуран атты әйгілі еңбегін жазды.

Қазіргі таңда, тәпсір ғылымы басқа да шариғат ғылымдарымен салыстыра қарағанда, жеткілікті деңгейде әдебиеттер жазылған. Ислам ойшылдарының Құран тақырыптарын заман талабына сай қайта зерттеп, сұранысқа жауап беру мақсатында көптеген ғұламалар қайта жазып шықты. Мысалы айтар болсақ, олар: Мустафа Садықтың әр-Рафи Ижазу л-Қуран, Шәйх Сайид Қутубтың Әт-Тәфсиру л-Фәнниу фи л-Қуран уә Mәшаһиду л-Қиямати, Шәйх Мұхаммед Мұстафа әл-Мерагидің Құран аудармасы және Мухиббуддин әл-Хатибтің бұл еңбекке жасаған талдауы, Мұстафа Сабридің Mәсәләту т-Тәржумәту л-Қуран, Доқтор Мұхаммед Абдулла Драздың Ән-Нәбиу л-Ағзам, Мұхаммед Джәмәлуддин әл-Қасимидің Мукаддимәту т-Тафсир және Мәхасину т-Тәуиль, Шәйх Тахир әл-Жәзайридің әт- Тибьян фи Улуму л-Қуран шығарма жазды.

Шәйх Мұхаммед Әли Селамә Менхеджу л-Фурқан фи Улуми л-Қуран деп тәпсір кітабын жазды. Бұл еңбегінде ол Мысырдағы Усулу д-Дін факультетінде дағуат және Иршад саласында оқытқан пәндерін зерттеген. Шәйх Мұхаммед Абдулазим әз-Зуркани оның ізінен еріп, Мәнахилу л-Ирфан фи Улуми л-Қуран деп атты еңбегін жазды.

Кейін шәйх Ахмед Әли Музәккирәту Улуми л-Қуран атты еңбегін дағуат және иршад факультетінің студенттеріне сыйға тарту етті. Кейін, Доктор Субхи Салихтың Мебахис фи Улуми л-Қуран және Ұстаз Ахмед Мұхаммед Жәмалдың Әбһасун әлә Майидәти л-Қуран деп аталатын еңбегі жарық көрді.

Бұл зерттеулердің барлығы Құран ғылымдары деп аталады. Осылай Улуму л-Қуран атауы тәпсір саласының атауына айналды. Араб тілінде «Улум» сөзі білім сөзінің көпше түрі. Білім сөзінің мағынасы білу, түсіну және хабардар болу дегенді білдіреді. Сонымен қатар Білім сөзінің діни әрі ғылыми терминологияда «Қағаз бетіне және әр түрлі тақырыпты нақты дәлелімен жазылған» мағынасында қолданылады.

Улуму л-Құран мен Әсбәбу н-Нузулді білу; Құран Кәрімнің жинақталуы мен реттелуін білу, Мәкки мен Мәдени аяттарын, насих пен мәнсух, мухкәм мен муташабиһті білу және басқа да Құранға қатысты мәселелерді зерттейтін ғылымдар білу дегенде білдіреді. Бұл ғылымға «Тәфсир Усулу» деп те атайды. Өйткені бұл ғылымда бір тәпсіршінің (Муфассирдің) білуге тиісті болған тақырыптар қамтылған.

Құран Кәрімнің ерекшеліктері

Алла Тағала адамға жасаған жақсылықтарының бірі ретінде өмірде жалғыз қалдырмай, табиғи болмысымен тура жол табуын қалады. Осылайша, адам баласының бойындағы табиғи болмыс жақсылыққа шақыратын оның жолдарын көрсетті. Осымен ғана шектеліп қоймастан, ешбір сылтау айта алмау үшін әр қауымға, Алладан уаһи алып, оны тек Аллаға құлшылық етуге шақырып, сүйіншілеп, ескертетін пайғамбарлар жіберді. Бұл жайында Құран Кәрімде Алла Тағала былай деп баяндайды: ««Адамдарға пайғамбарлар жібердік. Аллаға қарсы сылтаулар болмауы үшін пайғамбарларды хабаршы және ескертуші етіп жібердік».[12]

Адамзат өзінің дамуы мен ақыл-ойының өрлеуін жалғастырып жатқанда, осыған сәйкес уаһи келіп, әр пайғамбар өз қауымында туындаған негізгі мәселелерді шешіп отырған. Бұл жағдай адамзат жетілгенше жалғасты.

Алла, Хз. Мұхаммедтің пайғамбарлығымен бүкіл жаратылыстың нұрландыруын тілеп, пайғамбарлардың арасы кесілгенде барып оны жіберді.[13] Сонымен қатар, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) жеткізген шариғаты ақыретке дейін жететінін және түсірген кітабы Құран Кәрімде өткен пайғамбарлардың салған биік зәулім сарайлар мен ғимараттарын және ізгі жолын сипаттаған.              Хз. Пайғамбар бұл мәселені былай түсіндіреді: «Менің және менен бұрынғы пайғамбарлардың жағдайы бір үй салып, оның бұрыштан бұрышқа кірпіштен салынғаны болмаса бүтін етіп жасалған. Осы ғимараттың көрінісін көркемдеген бір адамға ұқсайды. Адамдар бұл үйді аралап, тамсанып, сол кірпіштің орны бос болмаса екен деп тілеумен болды. Міне, мен осы кемшілігі бар үйдің бұрышындағы орнын толықтырған бір қыш кірпіш іспеттеспін және пайғамбарлардың соңғысымын».[14]

Құран – Алланың тек мұсылмандарға ғана емес, бүкіл адамзатқа жолдаған кітабы. Кітап пен Сүннетте бұл туралы көптеген аяттар мен хадистер бар: «(Уа, Мұхаммед): «Уа, адамдар, мен барлығыңа жіберілген Алланың елшісімін»,[15] «Алла Тағала әлемдерді ескерту үшін құлы Мұхаммедке ақиқатты өтіріктен айыратын Фурқанды (Құранды) түсірген»,[16] «Әрбір пайғамбар белгілі бір үмметке жіберілген. Ал мен, бүкіл адамзатқа жіберілдім».[17] Алла тарапынан Құран Кәрімнен басқа уаһи келмейді: «Мұхаммед араларыңдағы ешбір еркектің әкесі емес, Алланың елшісі әрі пайғамбарлардың соңғысы».[18]

Құран Кәрім, Ибраһимдік діндердің алғашқы түп нұсқасы болғаны сияқты, адам өмірінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін келуі таңқаларлық жаңалық емес: «Алла сендерге дінді Нұхқа өсиет еткендей етіп жаратты. Уа, Мұхаммед! Саған уаһи еткеніміздей, Ибрахимге, Мұсаға және Исаға да: «Дінде берік болыңдар және одан ажырамаңдар» дедік»[19]

Хз. Пайғамбар Құранмен араптарға қарсы шықты. Құран олардың тілінде түссе де, олар шешендік пен түсіндірудің иелері болса да, оған ұқсас, он немесе оған ұқсас бірде-бір сүре шығаруға қауқарсыз қалды. Осылайша, Құран ижазымен және оның ижзасымен пайғамбарлық тұрақталды.

Алла Тағала Құранды өзгертпей, бұзбай мутауатир (сенімді) жолмен жеткізуді және жаттауды парыз етті. Алла Тағала, Құранды түсірген Жәбірейілдің (ғ.с.) қасиеттері жайында былайша баяндайды: «Оны сенімді Рух (Жәбірейіл) түсірді»[20] аятымен. Ал Құран түсірілген Алла елшісінің сипаттарын: «Бұл Құран – тақ иесінің алдында құнды, күшті, сөзі тыңдалатын, сенім артатын ардақты елшіге жіберілген сөзі. Сенің досың (Мұхаммед) ешқашан жынды емес. Расында, Ол Оны (Жәбірейілді) ашық түрде көкжиекте көрді. Ол (Пайғамбар) ғайып туралы айтқандары үшін қуғынға ұшырамайды»[21] және Құранның сипаттарын да: «Ақиқатында, бұл Кітапты тек тазарғандар ғана ұстай алатындай сақталған бір кітап».[22] деп баяндалған.

Бұл қасиеттер бұрын жіберілген басқа кітаптарға тиесілі емес. Өйткені олар белгілі бір мерзімге ғана жарамды етіп жіберілген. Яғни, Құран Кәрімнің келуімен олардың үкімі толығымен жойылды, ақыретке дейін жететін кітап ол Құран Кәрім. Бұл туралы Алла Тағала былай деп баяндайды: «Расында, Құран Кәрімді Біз түсірдік және оны біз қорғаймыз»[23] деп Құранның ақыретке дейін қорғалатынына Алла кепілдік беруде.

Сонымен қатар, Құран Кәрімнің үкімдері тек адамдармен ғана шектелмей, жын әлеміне де үкімін орындауға міндеттелінген. Осылайша адамдар арқылы жындарға да өткен: Бұл жайында Құран Кәрімде Алла былай деп баяндайды: «Уа, Мұхаммед! Біз саған Құранды тыңдайтын жындар тобын бағыттадық. Олар Құранды тыңдауға дайын болған кезде бір-біріне: “Тыныштық қой” деді. Құран оқылып біткен соң, олардың әрқайсысы ескертуші ретінде өз ұлтына бұрылып: «Ей, үмметіміз! Расында, біз Мудтан кейін түсірілген, өзінен бұрынғыларды растайтын, ақиқатты және тура жолды көрсететін бір кітапты естідік. Уа, біздің ұлт! Аллаға шақырушыға (Мұхаммедке) ілесіңдер және Оған иман келтіріңдер, сонда Алла күнәларыңды кешіреді»[24]

Құран осы ерекшеліктерімен адамзатты өмірдің әртүрлі салаларында жолыққан; психологиялық, психикалық, физикалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерде ең тиімді түрде шешеді. Өйткені оны даналар мен ақындар айтқан әр мақтауға лайық. Құран Кәрім жалпы қағидалар шеңберінде әрбір мәселеге қажетті түзету әдісін ұсынады.

Адамзат осы жолды ұстану арқылы бұл дүниелік және ақыреттік өмірін қалыптастырады. Сондай-ақ, бұл қағидалар арқылы барлық дәуірде талап ететін нәрселерге негіз ете отырып әрқилы уақыт пен кеңістіктің билігін ұстайды. Өйткені ислам – мәңгілік дін. XIV ғасырдағы Исламға шақырушы Хасан әл-Бәннаның осы тақырыптағы айтқан мынадай керемет сөзі бар: «Ислам – жан-жақты тәртіп және өмірдің барлық саласын қамтиды. Сондықтан ол мемлекет пен Отан немесе үкімет пен үммет. Ол – халық пен құдірет немесе мейірім мен әділет. Ол, мәдениет пен заң немесе ғылым және үкім. Бұл зат пен байлық немесе пайда мен байлық. Ол, жақсылыққа шақырушы дұрыс сенім мен ғибадат, немесе ол бір армия және сол сияқты идеяның жиынтығы»[25]

Бүгінгі таңда адамзат ішкі проблемалардан зардап шегіп, оның жүйелерінен мазасыздануда, оның моральдары күйреу алдында тұр. Тек Құран ғана оны өзі түскен ондай пәлекеттерден құтқара алады. Бұл жайында Құранда былай деп баяндалады: «Кімде-кім менің тура жолымды ұстанса, жолдан адаспайды және бақытсыздыққа ұшырамайды. Ал, кім Мені еске алудан бет бұрса, оған қиыншылық болатынын және қиямет күні оны соқыр етіп тірілтеміз деп білсін».[26]

Тәртіп пен басқа да қағидалардың қараңғылығының ортасына май шамды апаратын тек мұсылмандар ғана. Осы себепті де, көз алдымызда тұрған әрбір ырымшыл, пайдасыз нәрсені құртып, абдырап жатқан адамзатты Құранға (исламға) шақыруға міндеттіміз. Содай-ақ, Ислам адамзатқа бақытты ғұмыр сыйлау үшін соңғы деміне дейін мүмкіндік береді. Бақытты өмірдің бастауы Алланың кітабы Қасиетті Құран Кәрім және осылай ақыретке дейін жалғасын таба бермек.

Құранның сипаттамасы

«Қ-р-а» (ق رئ): біріктіру және бірін-біріне қосу; Ал, «Қирағат» мәтіндегі әріптер мен сөздерді біріктіру[27] мағынасына келеді. Құран негізі «Қирағат» сияқты. «Қ-р-а» сөзінің түбірі (мастары) «Қирағат» және «Қуран». Алла Тағала: «Әрине, оны (кеудеңе) жинау және оқып беру бізге тиесілі. Олай болса біз оны оқыған кезде, оның оқылуына ілесіңдер»,[28] – деді.

Бұл жерде «Құран» сөзі «Қирағат» дегенді білдіреді. Қуран, «Шукран» және «Ғуфран» сияқты «Фулан» сөзінен шыққан түбір (мастар). Сен: «Кара’туһу карән уа қиратән уә Қуран» дейсің,  бұлардың барлығы бір мағынада. Бұл Мастар түрінен, исми мәфғул мағынасын да қамтыған.[29]

«Құран» – Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) түсірілген кітапқа берілген есім, осы себепті де Құран ерекше есіміне айналған. Бұл атау бүкіл Құранға айтылғанындай, оның әрбір аятына да берілген. Сен, біреудің Құран аяттарын оқып отырғанын естігеніңде: «Ол, Құран оқып отыр деуің» дұрыс болады; «Құран оқылған кезде оны үндемей тыңдаңдар»[30]

Кейбір ғұламалар, Алланың кітаптары арасында бұл кітапты Құран деп аталуының себебін, бәлкім барлық ғылымдарды бір арнада тоғыстырғаны үшін бұл кітапты Құран Кәрім деп атаған деген. Расында, Алла Тағаланың мына сөздері бұған дәлел: «Кітапты саған барлық нәрсенің түсіндірмесі ретінде жібердік»,[31] «Кітапта біз ешнәрсе қалдырмадық (барлығын жаздық)»[32]

Ал кейбір ғұламалар, түбірі жағынан қарағанда «Қуран» сөзінің «һәмзәсіз» деген пікір айтқан. Немесе, Хз. Пайғамбарға түскен сөз, муртәжіл; Һамзәсіз және «Әлиф-лам» мен муғаррая (білінген) ретінде берілген және «Қа-ра-е» түбірінен шыққан.[33] Немесе бір нәрсені бір нәрсеге жақындату деген мағынаны білдіретін «ка-ра-не» сөзінен шыққан.[34] Немесе «қарайн» деген сөзден шыққан. Өйткені оның аяттары бір-біріне ұқсайды. Сонымен қатар, «Қарайн» сөзіндегі «Нұн» түпнұсқасындағы әріп.[35]Бұлар айтылған пікірлер. Дұрысы – бірінші айтылған пікір.

Құран Кәрімнің тараулары мен ерекшеліктерін, ақылмен ғана логикалық тұрғыдан шектеу қою өте қиын. Өйткені оның көкжиегі біз ойлағаннан әлде қайда кең. Оның көкжиегі біздің санамызда белгілі бір мұсхафта (кітап) жазылған деп қалпында қабылдау және Пйғамбарымыз көрсеткендей оқып, түсіну арқылы амал ету ғана біздің міндетіміз. Әйтпеген жағдайда сіз Құранды, екі мұқабаның арасы немесе «Фатиха» сүресіммен басталып «Нас» сүресімен аяқталған бір кітап деп қана айтасыз.

Ғалымдар Құранның мағынасын айта келе оны басқа кітаптардан ерекшелейтін сипаттамасына мынадай анықтама береді: Хз. Мұхаммед (с.ғ.с.) – түсірілген (мунәззәл) тиләуатымен теаббуди болған Алланың сөзі. Бұл жердегі «Кәлам – сөз» сөзінің анықтамасы «Жинс» мағынасы беріліп, барлық сөзді қамтиды. Оның «Aллah» сөзімен қатысы болғаны адамдардың, жындардың және періштелердің сөзі болмағанына дәлел.[36] «Айт: «Егер теңіздер Раббымның сөздерін жазу үшін сия болса және біз оған осындай тағыда сия қоссақ, Раббымның сөздері аяқталмай тұрып теңіздер тартылып қалар еді»,[37] «Егер жер бетіндегі ағаштар қалам және бұның артынан жеті теңіз қосылып (сия) болса да, Алланың сөздері (жазу арқылы) таусылмайды».[38]

Құран Кәрімнің тиләуәті мен теаббуди болуында, Ахад Қырағат пен құтси хадистер де Алланың құзырынан түсірілді деп, тең дәрежеде ұстай алмаймыз. Өйткені Құран Кәрімнің тиләуәтімен ғибадат ету, намаз және одан басқа ғибадаттарды орындау тұрғысынан әмірлеріне бойұсынуды білдіреді. Ахад қырағатпен құтси хадистермен жеткен ғибадаттар мен әмірлер оның дәрежесіне жетпейді.[39]

Құранның аттары

Алла Тағала Құранға көптеген аттар берген:

Құран: «Күдіксіз, бұл Құран ең тура жолға[40] бағыттайды»[41]

Әл-Китаб: «Расында саған Кітапты түсірдік, онда сендер үшін насихат[42] бар[43]

Әл-Фурһан: «Жақсы мен жаманды айыратын[44] Фурқанды күллі адамзатқа ескерту ретінде құлына түсірген – Алла Тағала»[45]

Әз-Зикір: «Ешкім күмәнданбасын Зікірді[46] түсірген біз және ешкімнің күмәнданбасын қорғайтын да біз»».[47]

Тәнзил: Күдіксіз, ол (Құран) әлемдердің Раббысы түсірген «Тәнзил»[48] болып табылады»[49]

Нұр: «О, адамдар. Күдіксіз, саған Раббыларыңнан ашық дәлел келді және біз саған ашық нұр түсірдік».[50]

Худа, Шифа, және Мәуиза: «О, адамдар! Сендерге өздеріңнің Раббыларыңнан бір насихат, көкіректегі нәрселерге шипа және имандылар үшін жол басшы әрі мейрім/Құран/ келді»[51]

Мүбәрак: «Бұл (Құран) өзінен бұрынғыларды растаушы, саған түсірген мүбәрәк Кітап».[52]

Мубин: «Расында сендерге олардың Тәңірінен нұр және айқын кітап келді».[53]

Бушра: «Алдыңғы (алдын келген кітаптар) растаушы, мұсылмандар үшін де жол көрсетуші және мүжделеуші»[54]

Азиз: «Өздеріне зікір (Құран) келген кезде күпірлік еткендер (оның зардабын тартады), өйткені ол қасиетті кітап»[55]

Мәжид: «Жоқ, Жоқ! Бұл құрметті Құран»[56]

Бәшир, Нәзир: « (Бұл) Білген қауым үшін, аяттары оқығанға түсінікті кітап. Дұрыс жолды көрсетуші және Мүжделеуші»[57]

Алла Тағала Құран Кәрімде, Құранға қатысты бұлардан басқа да қойған есімдері бар.[58]

Оның ең көп қолданылатын есімдері – Құран және Кітап. Доктор Абдулла Драз бұл туралы былай деді: «Ол Құран деп аталғанда оның тілдермен оқылатыны ескерілді. «Китаб» деп атағанда оның қаламмен жазылғаны ескерілген. Бұл атаулардың екеуі де бір нәрсені мағынасымен атау сияқты. Осы екі атаумен аталуы да бір жерде емес, екі жерде қорғауға мән берудің белгісі бар. Егер олардың бірі қателессе, екіншісі оны еске түсірсін деген мақсатта, мен оны кеудеде (жатқа) және қағаз бетінде жазулы болуының қажеттілігін атап өткім келеді. Сахабалар заманында жатталғандай және жазылғандай етіп бізге жетті, енді біз де ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына жол ашу бүгінгі күннің талабы. Жаттап қана қоймай, Құранның жазылуын және таралуын көбейтуіміз керек.

Алла Тағала Пайғамбарымыздың жолын ұстанған Мұхаммед (с.ғ.с.) үмметінің жүрегіне орнатқан осы бір-бірімен араласқан маңыздылық сезімді, қос бақылау жүйесі арқасында Құран мәңгілік сақталды. Бұл жайында Құран Кәрімде Алла Тағалланың: «Расында, Құран Кәрімді Біз түсірдік және  оны біз қорғаймыз»[59] сөзіне сай оны қорғау міндетін алған Алланың сөзі орындалды. Сондай-ақ, алдыңғы кітаптарда болғанындай, Құран Кәрімнің алғашқы күннен бүгінгі таңға дейін бұзылу, өзгеру немесе сын айту сияқты келеңсіз оқиға болмаған.[60]

Драз бұл бұзылудың сырын басқа көктегі кітаптардың белгісіз мерзімге емес, белгілі бір уақытқа әкелінуімен және Құранның алдыңғы кітаптарды растау және оларға бақылаушы ретінде берілуімен түсіндірді. Осыған сәйкес Құран тек сол кітаптардағы өзгермейтін ақиқаттарды жинақтап қана қоймайды, сонымен бірге Алла Тағала қалаған барлық (ақыретке дейін адам ақылымен табылатын ғылымды да) нәрселерді де қамтыды. Құран Кәрім алдыңғы келген кітаптардың барлығының орнын басатын қасиетті кітап. Алла Тағала оның қияметке дейін дәлел болуын бұйырды. Алла бір нәрсені бұйырса, оның себептерін жеңілдетеді. Алла барлық нәрсеге күші жетеді және білуші. Біз Драздың бұл мәлімдемелерін орынды және жақсы бағалау деп білеміз. Әрбір атау немесе сипаттау Құранның бір мағынасына қарай жасалған.

Хадиске қатысты танымдар

Хадис-и Қутси мен Хадис-и Нәбәуи арасындағы айырмашылықты көрсету үшін төменде екеуіне анықтама береміз.

Хадис-и Нәуәуи

Сөздікте «хадис» сөзі «көне» дегенге қарама-қарсы мағынада айтылған. Әрбір айтылған сөзге хадис деп айтылады. Адам естуімен, ұйқыда немесе ұйқысырап жүріп естігенін айтып және оны жеткізуі. Осы мағынаға негіздеп Құран хадис атын алған. «Сөз жағынан (хадисте) Алладан шыншыл кім бар»[61] Адам ұйықтап жатып түсінде көргенін айтса да осы ат берілген. «Маған оқиғаларды (түс көруді) түсіндіруді де үйреттің»[62]

Терминдік мағынасы, Хз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сөздері, амалы және сипатына айтылады.

Қаул: Хз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Амалдар ниетке қарайды. Әркім үшін ниет еткен нәрсесі бар»[63]

Фиил: Хз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сахабаларына намаз оқуды үйреткенде істеген амалы. Сосын былай деді: «Менің намаз оқып жатқанымды көргендеріңдей, оқыңдар».[64] Қажылықты қалай орындау керектігін көрсеткені сияқты. Қажылық туралы былай деді: «Қажылық парыз міндетін орындауды менен үйреніңіздер»[65], – деді.

Икрар: Хз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жанында не болмаса басқа бір жерде болған оқиғаға Пайғамбарымыздың разылығын білдіріп мақұлдауы сияқты. Бұған бір мысал айтар болсақ: «Оның үстелінде кесірткелерді жеуі». Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) риуаят етілген бойынша; Бір кісіні әскери топқа жіберіпті. Намаз оқып тұрып достарына Құран сүрелерін оқығанда тек, «Қул Һу Аллаһу Ахад» аятымен аяқтайды. Ол қайтып келгенде, бұл жағдайды Алла елшісіне баяндап береді. Пайғамбарымыз: «Одан сұраңдар, ол неге бұлай істеп жатыр?», – деді. Сахабалар одан сұрағанда, Ол: «Өйткені бұл Рахманның сипаты, мен оны оқығанды жақсы көремін», – деді. Сонда Пайғамбар: «Оған хабар беріңдер,  Алла да оны жақсы көреді»,[66] – деген екен.

Сипат: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) сабырлы, жұмсақ, мінез-құлқы жақсы. Қатал, дөрекі, айғайлайтын, шектен тыс сөгіс беретін болса ғана…» сөзі бұған мысал.

Қутси Хадис

Сөздікте хадистің не екенін түсіндік. Қутси – қасиетті сөзге сілтеме жасай отырып, құрметті сөзбен байланыстыра аламыз. Өйткені бұл сөздің түбірі, сөздік қорды тазарту, кемшіліктен аулақ ұстау дегенді білдіреді. Тақдис, Алланы әр түрлі кемшіліктен ұзақ ұстау. Тақдис – қасиетті ету, тазарту, мүбарак ету, пәктеу дегенді білдіреді. Алла Тағала періштелерінің тілімен былай деп бұйырады: ««Біз сені мадақтауларыңмен ұлықтап, қасиетті етіп жатқанда…»[67] Яғни, Сен үшін жанымызды салып зікір етудеміз деген сөз.

Терминдік мағынасы, Хз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Алланың сөзі деп риуаят еткен хадис. Яғни, Пайғамбарымыз, Алланың сөзін, өз сөз үлгісіне адамдарға жеткізуі. Біреу мұны айтса, оны Аллаға негіздей келе, Пайғамбарымыз риуаят етті дейді. Осы себепті ол жеткізген кезде: «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) Раббысынан риуаят еткен хадисінде былай деп айтты» деген сөз тіркесін қолданады.

Бірінші мысал: Әбу Хурайрадан жеткен риуаят бойынша; Алла Елшісі (с.ғ.с.) Раббысынан риуаят еткен хадисінде: «Алланың қолы тола. Ешбір шығын оны кеміте алмайды…” деген.[68]

Екінші мысал: Әбу Хурайрадан (р.а.) жеткен риуаят бойынша, Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Алла Тағала: «Мен құлым қалай ойласа, сондаймын. Ол мені есіне алса, мен онымен біргемін. Ол мені өз ішінде есіне алса, мен оны өз ішімде еске аламын. Ол мені көпшілік ішінде еске алса, мен оны көпшіліктің жақсысы ішінде еске аламын…»[69]

Құран мен қудси хадис арасындағы айырмашылық

Құран мен Хадис Қутси арасында бірнеше айырмашылық бар. Олардың ең маңыздылары мыналар:

  • Құран – сөзімен бірге Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) түсірілген Алланың сөзі. Сонымен бірге арабтарға тілін үйретті. Олар оған ұқсас, немесе сондай сүре, не оған ұқсас сүре шығаруға қауқарсыз етті. Бұл әлсіздік үздіксіз жалғасты және осылай қияметке дейін жалғасатын мұғжиза. Ал, Хадис Қутси болса, араптарды әлсірету немесе сынау сынды сөзден емес тек Алланың тікілей әмірін қысқаша жеткізеді.
  • Құран тек Аллаға ғана тән, сол себепті де: «Алла айтты» делінеді. Бұдан бұрын да айтылғандай, хадис қутси Алла Тағалаға негіздеу арқылы жеткізіледі. Бұл жағдайда оған қатынас мағынасы тұрғысынан айтылады. Осы себепті: «Алла айтты» немесе «Алла айтады» деп айтылады. Ал, кейде Алла елшісіне сілтеме жасап риуаят етеді. Құран тек Алланың әмірі жазылса, Қутси хадисте Пайғамбарымыз Алладан риуаят етілген бір хадисте деп айтылады.
  • Құран Кәрім толықтай тәуәтір (сенімді жол) арқылы жеткізілген және оның дәлелі (субуту) анық. Ал, Хадис қутсилердің көпшілігі ахад хабарларына негізделген, дәлелдері занни. Кейде Қутси хадис сахих, кейде хасан, кейде әлсіз болып келеді.
  • Құран Кәрім сөзі де мағынасы да Алладан. Осы себептен де сөздік жағынан болсын мағыналық жағынан болсын уаһи. Ал, Қутс Хадис сахих болған көзқарас қасиетті болса; Мағынасы Алладан, сөзі Алла Елшісінен. Мағынасы жағынан уаһи. Сондықтан хадис ғалымдарының көпшілігінің пікірінше, оны мағынасымен риуаят ету жаиз деп саналған.
  • Құран оқумен ғибадат жасалады. Оның қырағаты намазда «Құраннан жеңіл болғанын оқыңдар»[70]Яғни, Оның оқуы ғибадат болып табылады. Ал, Қутси Хадис намазда оқылмайды. Алла Қутси Хадис оқуды сауап демеген. Құран Кәрім оқыған адамға, әр-бір әріпіне сауап десе,[71] қутса хадисте бұл жарамсыз.

Қутси хадис пен нәбәуи хадис арасындағы айырмашылықтар

Нәбәуи хадисі екі бөлімнен тұрады:

Тәуқифи бөлімі: Бұл Хз. Пайғамбарымыз оның мазмұнын уаһидан алып, өз сөздерімен адамдарға түсіндіруіне айтылады. Бұл аяттың мазмұны Аллаға тән болғанымен, оны сөз ретінде адамдарға жеткізу Пайғамбарымызға тиесілі. Өйткені сөз, мағынасын басқадан алғанымен, оны тек айтқан адамға ғана тиесілі бола алады.

Тәуфиқи бөлімі: Бұл да, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) Құран Кәрімнен өз түсінгені бойынша шығарған мағынасын ашып айтып беруі. Өйткені Пайғамбарымыз Құранды түсіндіруші және өз ой толғауымен ижтиһад арқылы ашқан бөлігіне айтады.

Бұл истинбат және ижтиһадқа негізделген бөлік, ақиқат болғанда, уаһи оны мақұлдайды. Ал егер қателескен болса, уаһи арқылы білдіреді.[72]

Бұдан шығатын нәтиже мынадай: Уаһи Пайғамбарымыздың хадисін тәуқифи және тауфиқи ижтиһадымен орын алады. Бұның қайнар көзі уаһи деп те айтуға болады. Өйткені Пайғамбарымыз өз қалауымен шариғатқа қатысты сөз сөйлемейді. «Ол өз қалауымен ештеңе айтпайды. Уаһи етілгеннен басқа ештеңе емес»[73] деген сөздің мағынасы осы болса керек. Қутси хадистің мағынасы Алладан. Бұл да Алла елшісіне арнайы түрде емес, уаһи шеңберінде жеткізілген. Сөзіне келер болсақ, қабыл етілген пікір бойынша, бұл Пайғамбарымызға тиесілі, ал мұны Алладан деу тек мазмұнына қатысты. Егер өзі де Аллаға тиесілі болса, Құраннан еш айырмашылығы болмайтын. Яғни, оқуымен ғибадат болар еді.

Бұндай болған жағдайда екі күмән туындауы мүмкін:

Бірінші күмән: Нәуәби хадисі де мағынасы жағынан уаһи, сөздері Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) тиесілі. Бұлай болса неге оны қутси хадис демеске?

Жауап: Қутси Хадисте Пайғамбарымыз: «Алла Тағала айтты» немесе «Алла Тағала бұйырды» деген сөзімен бастағаныннан білеміз. Ал Нәуәби хадистерінде бұндай айтылмайды. Бұлардың әрқайсысының мазмұнын уаһи (тәуқифи) арқылы ашып және ижтиһадпен (тәуфиқи) ашуға рұқсат етілген (жайыз). Осы себепті біз олардың белгілі ерекшелігіне ескере отырып, «Нәуәби» деп атадық.

Екінші күмән: Қутси хадистің сөзі Пайғамбардан болса, оны «Алла Тағала айтты» немесе «Алла Тағала бұйырды» деп Аллаға тиесілі деп айтудың мәні неде?

Жауап: Араб тілінде сөзді тек айтқанға ғана емес, мазмұнына (мағынасына) қарай да, қарата айтуға болады. Сондықтан да бір шумақ өлеңді «Ақын былай дейді» деп, адам аузынан естігенді суреттеп атқанда немесе «Балақай айтады» дегендей. Құран Кәрімде Мұсаның, Фирғаунның және басқалардың сөздерінің мазмұнын өздерінің сөздерінен басқа кейбір сөздермен баяндайды. Құран Кәрімде Хз. Мұсаның, Фирғауынның және басқаларының сөздері мен стильдерінен өзгеше бір стильде сипаттап айтылады.

«Сол уақытта Раббың Мұса (Ғ.С.) ға: “Залым елге бар” деп үндеді: “Перғауын еліне. Олар қорықпай ма?” (Мұса Ғ.С.): “Раббым! Рас мен олардың мені жалғанға шығаруынан қорқамын” деді. “Көңілім тарайым, тілім жүрмейді. Сондықтан Һарұнға да пайғамбарлық бер!” “Мен оларға күнәһармын. Сондықтан олардың, мені өлтіруінен қорқамын!” (Алла Т.): “Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларыңмен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз” деді. “Дереу екеуің Перғауынға барыңдар: “Біз бүкіл әлемнің Раббысының елшісіміз;” “Израил ұрпақтарын бізбен бірге қоя бер!”,- (деңдер-деді). Перғауын: “Сені бала қылып асырап алмадық па? Өміріңнен неше жыл арамызда болмадың ба?” “Ол жасарыңды жасадың. Сен нәсүкірлерденсің” деді. (Мұса Ғ.С.): “Мен ол істі істеген кезде, қателескен едім” деді. “Сондықтан сендерден қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыры Раббым, маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды.” “Сен Израил ұрпақтарын құл қылып, маған міндетсіген игілігің осы.” (Перғауын): “Әлемдердің Раббы дегенің немене?”,- деді(Мұса Ғ.С.): “Егер анық сенетін болсаңдар, Ол жер-көктің әрі екі арасындағылардың Раббы” деді.»[74]

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

Ислам Құқық ғылымдарының PhD докторы,

Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының теологы

Пайдаланған әдебиеттер

Әбу Абдуллаһ Ахмед б. Мухаммед б. Ханбәл әш-Шәйбани әл-Мәруәзи (ө. 241/855), Мустафа әш-Шәка, әл-Имам Ахмад б. Нанбәл, Кайыр 1404/1984.

Әбу Иса Мухаммад б. Иса б. Сәури әт-Тирмизи (ö. 279/892), Әл-Жәми у-Сахих, қайта жазып шыққан Ахмад М. Шакир, Кайыр 1356/1937.

Әбу л-Қасым Хусайн б. Мухаммад б. Әл-Муфаддал әр-Рағиб әл-Исфахани (ө. V./XI. Ғасырдың алғашқы жартысы), Муфрадат, Бәйруд 1962.

Әбу л-Фазл Жәлалиддин Абдуррахман б. Әби Бәкир б. Мухаммад әл-Худайри әс-Суюти әш-Шафиғи (ө. 911/1505), әл-Итқан фи Улуми л-Қуран, Фәууәз Ахмад Зәмәрли, Бәйрут 1999.

Бәруддин әз-Зәркәши, (ө. 794/1392) Әл-Бурхан фи Улуми л-Қуран, I-том, 278 бет.

Зәки Думан, Нузулундән Гунумузе Куран уә Муслуман, Истанбул 2010.

Ибн Манзур (ө. 711/1311), Мухтасар тарихи, Дамаск. (шәрхі Рияз Абдулхамид Мурад) Дамасак 1404/1984.

Ибн Манзур, Лисану л-Араби, Бәйруд 1414/1994.

Ибн Тәймия (ө. 728/1328), Муқаддима фи Усули т-Тәфсир, қайта жазып шыққан Зухайр әш-Шауиш, Бәйруд, 1408/1988.

Исмайыл Жәррахуглу, Тәфсир Усулу, Анкара 1989.

Мәннану л-Қаттан, Мәбахис фи Улуму л-Куран, Бәйруд 1993.

Мухаммад Абдуллазиз әс-Зуркани, Мәнәхилу л-Ирфан фи Улуму л- Қуран, Бәйруд 1987.

Мухаммад Әсәд, Қуран мәсәж мәғал тәфси, II-том.

Мұхаммед Абдуллаһ Дираз, (1894-1958), Ән-Нәбәу л-Азим, Дару с-Сақафа, Мысыр 1970.

Сахих Бұхари «Иман» 23.

Субһи Салих, Мәбәхис фи Улуми л-Қуран, Бәйруд 1965.

Хассан Ахмад Абдуррахман Әл-Бәннан (1906-1949), Рисалату т-Тәаллим, Қаһире 1978.

[1] Әнғам сүрессі, 82-аят.

[2] Лоқман сүресі,13-аят.

[3] Сахих Бұхари «Иман» 23.

[4] Әнфал сүресі, 60-аят.

[5] Мүслим, «Имарә» 167.

[6] Ахмед б. Ханбел, 111, 120 хадис.

[7] Мүслим, «Зухд» 72.

[8] Мәннану л-Қаттан, Мәбахис, 125-12. беттер.

[9] Хз. Осман дәуірінде Құран Кәрімнің бір кітап хәлінде жиналуына мына әдебиеттен қараңыз; Мәннану л-Қаттан, Мәбахис, 128 бет.

[10] Ибн Тәймия, Муқаддима фи Усули т-Тәфсир, 15 бет.

[11] Мухаммад Абдуллазиз әс-Зуркани, Мәнәхилу л-Ирфан фи Улуму л- Қуран, І-том, 27 бет.

[12] Ниса сүресі, 165 аят.

[13] Мәида сүресі, 19 аят.

[14] Бұхари «Мәнакиб», 18: Мүслим «Фәдаил», 20.

[15] Ағраф сүресі, 158 аят.

[16] Фуркан сүресі, 1 аят.

[17] Сахихайндағы «Маған алдыңғыларға берілмеген бес нәрсе берілді…..» хадисінің бір бөлімі. Бұхари «Тәйямум» 1; Мүслим «Мәсажид» 37.

[18] Ахзаб сүрессі, 40 аят.

[19] Шура сүресі, 13 аят.

[20] Шуара сүресі, 193 аят.

[21] Тәкбир сүресі, 19-24 аяттар.

[22] Уақиға сүресі, 77-79 аяттар.

[23] Хджр сүресі, 9 аят.

[24] Аһқаф сүресі, 29-31 аяттар.

[25] Хассан Әл-Бәннан, Рисалату т-Тәаллим, 19 бет.

[26] Таха сүресі, 123-124 аяттар.

[27] Бәруддин әз-Зәркәши, Әл-Бурхан фи Улуми л-Қуран, I-том, 278 бет.

[28] Қиямә сүресі, 17-18 аяттар.

[29] Әбу л-Хасан Әли б. Хазм әл-Лихияни (ө. 215/830) осы пікірде. (Ибн Манзур, Лисану л-Араби, I-том, 129 бет); Арап тілінде мастардың мәфғул мағынасында көптеп қолданылады. (Рағиб Әл-Исфахани, Муфрадат, 669 бет).

[30] Ағраф сүресі, 204 аят.

[31] Нақыл сүресі, 89 аят.

[32] Әнғам сүресі, 38 аят.

[33] Бұл, Имам Мұхаммед Ибн Идрис әш-Шафиғидің (ө. 204/819) пікірі. Жәлалиддин Әс-Суюти, әл-Итқан фи Улуми л-Қуран, I-том, 52 бет.

[34] Бұл пікір Әбу л-Хассан әл-Әшғариге (ө. 324/936) тиесілі. Әбу Бәкір б. Мужәхид (ө. 324/936) және Әбу Амир б. Әләлда (ө. 154/771) қуаттаған. Әс-Суюти, әл-Итқан фи Улуми л-Қуран, I-том, 52 бет; Бәдәрәддин әз-Зәркәши, I-том, 278 бет.

[35] Бұл Әбу Зәкәрия Яхия б. Зияд әл-Фәрраның (ө. 207/822) пікірі. Әс-Суюти, әл-Итқан фи Улуми л-Қуран, I-том, 52 бет; Субһи Салих, Мәбәхис фи Улуми л-Қуран, 20 бет.

[36] Абдуллах Драз, Ән-Нәбәу л-Азим, 8-9 беттер.

[37] Кәһф сүресі, 109 аят.

[38] Локман сүресі, 27 аят.

[39] Мухаммад Абдуллазиз әс-Зуркани, Мәнәхилу л-Ирфан фи Улуму л- Қуран, І-том, 7 бет.

[40] Мухаммад Әсәд, Қуран мәсәж мәғал тәфси, II-том, 561-бет, 10-сілтемме.

[41] Исра сүресі, 9 аят.

[42] Бұл жердегі «Зикрикум» сөзі мағынасы: «Есте сақтаумыз керек болған барлық нәрсе» деп аударғандар да бар. Осы себептен де кітап есте сақтау керек болған барлық нәрсені қамтығаны иләһи ескерту. Бұл туралы толық мәлімет алу мақсатында мына әдебиетке қараңыз: Мухаммад Әсәд, Қуран мәсәж мәғал тәфси, II-том, 647-бет.

[43] Әнбия сүресі, 10 аят.

[44] Муфассирлердің басым көпшілігі, Әл-Фурқан сөзіне осы мағынаны береді. Терминдік мағынасы да Құран Кәрімге және жалпылай Уаһи дегенді білдіреді. Мухаммад Әсәд, Қуран мәсәж мәғал тәфси, I-том, 726-бет.

[45] Әл-Фурқан сүресі, l аят.

[46] Зікір – еске салушы, еске түсіруші, бір нәрсені есте сақтау мағыналарымен қоса адамның өзімен бірге еске алынған және мақтанған нәрсесі, басқаша айтар болсақ атақ, даңқ деген де мағыналарға келеді. Мухаммад Әсәд, Қуран мәсәж мәғал тәфси, ІI-том, 647 бет.

[47] Хижр сүресі, 9 аят.

[48] «Нәззәлә» етістігі әр уақытта, қадам-қадам, жай-жай жақындау мағынасында бірте-бірте толығу дегенді білдіреді. Мухаммад Әсәд, Қуран мәсәж мәғал тәфси, I-том, 726-бет. «Тәнзил» Құран Кәрімнің Хз. Мұхаммедке 23 жыл ішінде бөлініп, бөлініп түсірілуі деген мағынады айтылады. Зәки Думан, Нузулундән Гунумузе Куран уә Муслуман, 53 бет.

[49] Шуара сүресі, 192 аят.

[50] Ниса сүресі, 74 аят.

[51] Юнус сүрессі, 57 аят.

[52] Әнғам сүресі, 92 аят.

[53] Мәйда сүресі, 15 аят.

[54] Бақара сүресі, 97 аят.

[55] Фуссилат сүресі, 41 аят.

[56] Буруж сүресі, 21 аят.

[57] Фуссилат сүресі , 3-4 аяттар.

[58] Құран Кәрімнің есімдерінің бірі де «Әл-Мәсани» деп те аталады. Хикметтер, қыссалар және тақырыптар қайталанғаны үшін әл-Мәсани сөзі де қолданған. Бұл сөз Құран Кәрімде екі рет айтылады: (Зумәр сүресі, 23 аят; Хижр сүресі, 87 аят) Бұл сөз Құран Кәрімнің бүтінін «(толықтай) айтылуын қамтиды. Хадисте болса бұл сөзбен Фатиха сүресін меңзегенін байқаймыз. (Бұхари, Сахих VI, 21) Кей пікірлерге қарайтын болсақ, Құран Кәрімнің алғашқы ең ұзақ жеті сүреге осы ат берілген. Құран Кәрімнің басқа да есімдері мынадай: Кәлам, Нур, Худа, Рахман, Шифа, Мәуизә, Хикмет, Муһәумун, Хаблуллаһ, Ахсану л-Хадис, Фаши, Қайум, Руһ, Уаһи, Бәйән, Хақ, Уруәту л-Усқа, Тәзкирә, Ади, Сыдық, Бушра, Қасас, Бәлағ. Мәжид, Азиз, Бәшир сияқты есімдері бар. (Жаррахулу 36 бет)

[59] Хижр сүресі, 9 аят.

[60] Абдуллах Драз, Ән-Нәбәу л-Азим, 5-6 беттер.

[61] Ниса сүресі, 87 аят.

[62] Юсуф сүресі, 101 аят.

[63] Бұхари, «Бәду л-Уаһи» 1; Мәнакибу л-Әнсар, 45; Мүслим «Имарә», 155.

[64] Бұхари, «Азан» 18, 60, «Әдәб» 27.

[65] Мүслим, «Худуд» 12: Әбу Дауд «Худуд» 23.

[66] Бұхари, «Тәуһид» l; Мүслим, «Салату л-Мусафирун» 263.

[67] Бақара сүресі, 30 аят.

[68] Бұхари, «Тәфсиру Сурату л-Худуд» 2, «Тәуһид» 19, 22.

[69] Бұхари, «Тәуһид» 15, 35; Мүслим, «Тәуһиди Зикр» 2.

[70] Музәммил сүресі, 20 аят.

[71] Тирмизи, Ибн Мәзғуттан риуаят еткен және хасану сахих деген. Қараңыз: Тирмизи, «Сәуәбу л-Қуран» 16.

[72] Бұған мысал; Бәдір тұтқындарына берілген үкім. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл тақырыпта Әбу Бәкірдің пікірін мақұлдаған және олардан фидияны қабыл еткен. Бұл оқиғадан кейін қателескенін білдірген мынадай аят түскен. «Ешқандай Пайғамбар тұтқын ұстауы жараспайды» (Әнфәл сүресі, 67 аят)

[73] Нәжім сүресі, 3-4 аят.

[74] Шуғара сүресі 10-24; Қутси хадисті сөздік тұрғысынан уаһи деген көзқарасты ұстанушылар оны Нәуәби хадиспен айырмашылығын барына тоқталады. Құран Кәрім мен Қудси хадис арасындағы айырмашылықты оқылуымен ғибадат және намазда оқылмайтынын негізге алған.