Серікбол Хаман: «Сәләф» сөзінің мағынасы

 

«Сәләф» сөзінің тілдік мағынасына келер болсақ «алдынғы, бұрынғы» деген мағынаны білдіреді. Заманның ағымына қарай әрбір өткен уақыт кейінгілер үшін сәләф болады. Алайда, «сәләф» сөзі уақыттың өтуімен Ислам дінінде басқа мағынаға ие болып өзіндік сипат алды.

Атап айтқанда, аталмыш термин ислам тарихындағы алғашқы үш буынға тиесілі, ізглерді меңзейтін мәнге ие болды.

Ғұламаларымыз оны Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) Бұхари мен Мүслимде келген мына хадисіне сүйенді:

عنْ عَبْدِ اللَّهِ بن مسعود رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: خَيْرُ النَّاسِ قَرْنِي، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ، ثُمَّ الَّذِينَ يَلُونَهُمْ، ثُمَّ يَجِيءُ أَقْوَامٌ تَسْبِقُ شَهَادَةُ أَحَدِهِمْ يَمِينَهُ، وَيَمِينُهُ شَهَادَتَهُ

Абдулла ибн Масғуттан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын!): «Адамдардың ең абзалы менің заманымдағылар. Одан кейінгі абзалдары – олардан кейінгі келгендер. Олардан кейінгі абзалдары – олардан кейін келгендер. Бұлардан кейін куәлігінен бұрын анты, антынан бұрын куәлігі жүретін қауымдар келеді» – деді.

Енді осы үш буынның не үшін абзалрақ болатындығының себебіне келер болсақ, олардың Алла Елшісіне (Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) ең жақын кезеңде өмір сүріп пайғамбарлық бұлағынан сусындағанын көреміз.

Ең алғашқы буын ол сахабалар (Пайғамбарымызды иман көзімен көргендер) олар Пайғамбарымызбен (Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) бір кезеңде өмір сүріп діни сусынды бұлақтың қайнар көзінен ішті. Ал, келесісі табиғиндер (Сахабалардың көзін көргендер) болса, олар да лайланбаған бастаудан ішті. Үшінші буын әтбағут-Табиғиндер өзінен алдыңғы қаймағы бұзылмаған табиғиндерден ілім алып, насихаттарын тыңдап, тәрбиелерін көру арқылы жетілді.

Міне, осы таза пікір ислам табиғаттың бұзылмай сақталуының соңғы кезеңі еді.

Ендеше, бұл бізге солардың салып кеткен сара жолдары мен жүруімізді, олардың ұстанған қайдаларын ұстануымызды меңзейді. Себебі, Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) бұл үш буынның келер уақыттағы өмір сүретін хауымдардың ең хайырлысы яғни тура жолда болатындарын меңзеп тұрғанын байқаймыз.

Олай болса, ізгілердің айтып кеткен «дініңді кімнен үйреніп жатқаныңа қара» деген қанатты сөзін есімізден шығармағанымыз жөн болады.

Ал, енді осы «сәләф» сөзінің уақыт өте келе өзгеріске ұшырап, Ислам қағидасына жат, өзімшілдікке салынып белгілі бір топ өздеріне тән етіп алғанын байқаймыз. Ислам әлеміне танымал белгілі ғалым Али Жұма өзінің «Дінде шектен шыққандар» атты еңбегінде алғашқы болып Мысыр елі Британияның отары болып тұрғанда, дұрыс сопылыққа қатысы жоқ бидғаттар, хурафаттар (дінде негізі жоқ, дінге еңгізілген жаңалықтар) Батыстан кірген дінге қайшы мәдениеттер кең таралған болатын.

Елді осы қате түсініктен арылту үшін Жамаладдин әл-Афғани мен Мұхаммед Абдухтар халықты осы бидғаттармен хурафаттардан тазартып, сырттан келген өркениет пен Исламның арасынан үндестік тауып, халықты тура ислам жолына шақыру үшін сәләф ұғымын өздеріне ұран етіп алды.

Басты мақсатры дұрыс емес сенімдерінен жиіркендіріп осылайша Ислам дінін «сәләф» дәуірімен байланыстырып сап дінге шақыру еді.

Сол кезде Мұхаммед бин Абдуллаһаб ухабилік ағым Нажд пен Араб түбегіндегі кейбір араб елдеріне ғана тараған еді.

Бұл топпен  Мысырда жүріп жатқан реформация арасындағы ортақ мағыналы сөз ол – дінде негізі жоқ сенімдермен әрекеттерге қарсы күресу еді.

Міне осылай «сәләф» ұғымы уахабилік ағымының пікірі Мұхаммед бин Абдулуаһабтан емес, алдынғы үш буын сәләфтардан бастау алады деп халықты сендіру болатын. Осылай «сәләфия» ұғымы мысырлық қозғалыс ұстанымынан шығып уахаби ағымының атына айналғанын жазады.

Ойымызды қортындылайтын болсақ, біздің мәзһаб имамыз Имам Әбу Ханифа сахабадан хадис алғаны туралы, кейбір деректерде алты сахабаға кездескені туралы табиғин екеніне деректер бар.

Ендеше, табиғиннің жолын ұстанған мәзһаб ұстанушылар сәләфтардың жолын ұстанушы екенін нақ басып айта аламыз.

Хаман Серікбол

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы