«Сұхбат» сөзінің мағынасын білесіз бе?

Сөздікте «Аз уақыт болса да бірге болу» деген мағынаны білдіретін сұхбат «Дос табу және танысу, бір мекенде немесе руһани бірге болу, кездесу, көрісу» сияқты мағыналармен қоса алғанда «Діни және дүниелік мәселелер талқыланған алаңы» деген мағынаға да келеді.

Құран Кәрімде Хз. Әбу Бәкірдің Алла Елшісінің сахабасы (досы) болғаны айтылады (Тәубе сүресі, 40 аят). Осы жердегі сөйлесу сөзінің сөздік мағынасын қарастыратын болсақ, Алла елшісінің сұхбатында болған мұсылмандар үшін көпше түрі «Асхаб» десе, жекеше «Сахаба» терминдері қолданылған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сахабаларын әңгіме/сұхбат арқылы хабардар етіп, тәрбиелегендіктен, осы сүннетті ұстанған ғұламалар мен сопылар да әңгіме/сұхбаттарын жеткізу мақсатында қалқалар ұйымдастыру арқылы өз білімдерін жұртшылықпен бөлісті.

Сұхбат/әңгімелесу «діни білімі бар тұлғалардың немесе ғұламаның сөзін тыңдау үшін ұйымдастырылған діни-мистикалық кездесу» мағынасында көп қолданылады. Сахаба сөзімен мағаналыс сұхбат, жиналған жамағат ғайбат, өтірік, жала жабу, сөз тасу сияқты күнәлары жоқ, көңіл күйді көтеруге, руһани тәлім алуға арналған әңгімелесу, достықты нығайтатын кездесулерге айтылады.

Әбу Наср Абдулла б. Әли б. Мұхаммед әс-Саррадж әт-Туси (ө. 378/988) деген ханафи мәзһабының ғалымы өзінің «әл-Лумма» деген еңбегінің 234-бетінде сұхбаттың түрлері туралы былай дейді: «Сопылар Алламен сұхбат, Пайғамбарымыз Мұхаммедпен (с.ғ.с.) сұхбат, адамдармен сұхбат, өз нәпсісімен сұхбат және шайтанмен сұхбат сияқты түрлері бар дейді. Алла Тағаламен сұхбат дегеніміз ақиқатпен/әділдікпен жақындық орнату. Адамдармен сұхбат шынайы болу. Нәпсімен сұхбат, оған қарсы тұру. Шайтанмен сұхбат онымен үнемі күресу дегенді білдіреді».

Әбілқасым Зейнуліслам Әбдулкәрім б. Хәуәзин б. Әбдиллмәлік әл-Қушайри (ө. 465/1072) деген ғұлама «Әр-Рисәлә» деген әдебиетінің 580-бетінде сұхбаттың үш түрінің болатыны туралы былай деп баяндайды: 1) Адамдар арасында физикалық сұхбат. 2) Рухани сұхбат. 3) Құдаймен сұхбат.

Физикалық, яғни тән сұхбатта шейхпен кездесіп, оның сөзінен пайдалану. Сопылық ілімінде мурит шәйхінің сұхбаттарына қатысу арқылы өз ілімін жоғарылатады. Мәуләна Жәләлиддин Әр-Румидің Шәмс Тәбризимен және Садреддин Конияуидің Меулана Джелаледдин-и Румидің Шемс-и Тебризимен және Садреддин Коневидің Мухйиддин Ибнул-Арабимен байланысы тән сұхбаты арқылы жүзеге асқан.

Ал рухани сұхбат дегеніміз «Өмірден өткен немесе шалғайда жүрген ұлы әулиелердің рухымен бірге болып, олардан рухани тұрғыдан пайда көру» дегенді білдіреді. Сопылық ілімінде шәкірттің ұстазымен мұндай қарым-қатынаста болуы үшін ол физикалық яғни тәнінен рухани ойша шығып ұстазымен сұхбаттасуды айтады. Бұған «Сухбәту л-Халкия» деп атайды. Соңғысы да Құдаймен сұхбат дегеніміз, Құдаймен араға ешкімді қоспастан тікелей Алламен сөйлесуге айтылады.

Сопылар өздеріне алғаш қонаққа келген адамдармен әңгімелесіп/сұхбаттасып, діни-мистикалық кеңестер береді. Бұндай сұхбатты жүргізген адамға «Сұхбат Шәйхім» деп атайды. Осылайша сұхбат шәйх шәкірттердің рухани хәлінен хабардар және олардың ұстанымына жауапты. Тәрбие мен зікір шейхтарынан айырмашылығы, өзіне ергендерге тек әңгіме арқылы жол көрсететін тәрбиеші ұстаз. Сұхбаттасу сопылықта тәрбие мен тәлім ретінде қабылданғандықтан, сопы ілімінің ғұламалары өз шығармаларында әңгіменің қасиеті мен әдебіне кең көлемде орын бөлген.

Саррадж әт-Туси «әл-Лумма» деген еңбегінің 273-бетінде, Бағдадидің екі рәкәғат нәпіл намазға қарағанда, дін үйреу мақсатында қонаққа келген адаммен сұхбаттасқан абзал деген пікір айтқан. Яғни сұхбаттың негізгі мақсатты Алланың махаббаты мен разылығына бағытталған болуын негізге алады. Сонымен қатар мұндай сұхбаттарда материалдық, дүниелік мүдделер ойға да келмейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) кейбір хадистерінде Алла жақсы көрген құлымен бір жерге жиналып және Аллаға деген сүйіспеншілікпен тарқағандар қиямет күні Алланың ерекше рақымына бөленетіні жайында айтылады (Бұхари, «Худуд», 19 хадис; Муслим, «Зекет», 91 хадис; Тирмизи, «Зухд», 53 хадис).

Сопылық әдебиеттерінінің кейбіреулері ұстаздың мәжілістерінде айтылған сұхбаттарынан алынған жазбалардан жинақталған кітаптар бар. Мұндай шығармаларға «Мәлфузат» және «Мәжәлис» деген атаулар берілген. Мәулананың «Фихи Ма Фих» мен «Жәжәлиси Сәбә»деген еңбегі және Әмір Хасан Сижзидің Низамеддин Әулиемен сұхбатын қамтыған «Фәуәидул Фуад» бұл жанрдың алғашқы және маңызды үлгілерінің бірі болып саналады. Сонымен қатар, Сунулла Ғайбидің Шәйхі Ибрахимнің сұхбатынан алған жазбалардан тұратын «Сухбәтнәмә» деген еңбегінде маңызды үлгісі ретінде айтуға болады. Бұларға қоса, Ибраһим Хастың «Кәләм-и Азиз» және Мехмед Шәйхудидің «Телвихат-ы Субханийе» әдебиеттер, ұстаздарынан сұхбаттарынан жинақталған.

Қорытындылай келе, қазақ мәдениетінде баршамызға мәлім болғандай «Халық ауыз әдебиеті» деген үрдіс болатын. Ұрпақтан ұрпаққа бабаларымыздың аңыздары мен тәрбиелік мақсатта айтылған көптеген сөздері жеткізіліп отырған. Халық ауыз әдебиетінің бір ерекшелігі сонда, сұхбат түрінде өткізіледі. Жергілікті тұрғындар арасында насихаттаушылар да көп болғаны және әр қазақтың шаңырағында шежірелер мен тәрбиелік мазмұндағы сұхбаттар жүргізу дәстүрі қалыптасқан.

Алайда, бүгінгі таңда ауыз әдебиеті әлеуметтік желілерде тек виртуалды сұхбатқа айналып кетті. Жылдам әрі қолайлылығы жағынан дұрыс та шығар. Дей тұрғанмен кездесіп жүзбе-жүз дидарласып/сырласып/сұхбаттасқанға не жетсін. Әрқашан сұхбатымыз жарасқан ел болудан/сұхбатымыз орныққан жамағат болдан Алла айырмасын.

Исатай БЕРДАЛИЕВ

Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының теологы,

PhD Доктор