Шет елде діни білім алудың қауіптілігі неде?

Қазіргі уақытта қазақстандық жастардың белгілі бір бөлігінің арасында діни білім алу үшін шетелдік теологиялық рухани оқу орындарына түсу қажет деген пікір бар. Алайда, шетелде теологиялық білім алудың үлкен қауіпі бар екенін көбі ескере бермейді. Халықаралық террористік топтар жастар арасында діни экстремистік идеяларды таратудың әртүрлі тәсілдерін қолданып, өз қатарларына қосу үшін сан түрлі айла ойластырып қойған. Бейтаныс адам үшін бос уақыты жоқ, достарымен бірге өспеген, әлі жеке тұлға ретінде қалыптаспаған жастар олар үшін таптырмас кандидат болып есептеледі.

Өз отанында базалық діни білім алмаған азаматтар күмәнді теологиялық оқу орындарын бітіріп, "таза ислам" идеяларын жинақтап келеді. Сын тұрғысынан ойлаудың жоқтығынан, қазақ халқының менталитетін, мәдениеті мен дәстүрін білмегендіктері олардың тез «сынып» кетулеріне әсер етеді.

Осылайша, жас жігіт оқудан кейін отанына оралып, алған діни біліміне деген сенімділікпен, өз ортасына "қалай дұрыс өмір сүру керектігін" үйрете бастайды. Әдетте, мұндай "әсер ету сабақтарын" өткізуді олар өзінің жақын адамдарынан (ата-анасы, ағалары, әпкелері, достары және т.б.) бастайды. Сонымен қатар, туыстары білім алып келген жасты күнделікті әлеуметтік өмірге оралуға көндіруге тырысады, бұл "біліммен сәулелендірілген" адамның туыстарынан бас тартуына әкеледі.

Жақын адамдарының арасында түсініспеушіліктен көңілі қалған ол келесі кезеңде оны түсінетін адамдарды "көшеде" іздей бастайды, дәл осы жерде қарапайым исламдық радикалдардың ықпалына түсу ықтималдығы жоғары. Яғни, мұндай адамның жағдайы күтпеген және сырттан оңай басқарылады. Бұл экстремистік топтардың жетекшілеріне өздерінің өршіл жоспарларын жүзеге асыру үшін қажет, олар, ең алдымен, өздерінің "құрбандарының" Аллаға деген адалдығының факторын шебер басқарады.

Айта кету керек, жерасты худжралары мен марказаларында білім алған (курстар, мектептер) азаматтардың радикалдану фактілері жеткілікті. Көптеген танымал террористер Бурят, Саид Куаши, сондай-ақ жалған псевдосалафиттік уағыздаушылар, Ахмад Мединский, Надир Абу Халид және т.б. мысал ретінде келтіруге болады.

Қазіргі кезде мемелекет тарапынан діни сауаттылықты арттыру мақсатында теріс идеологияға қарсы иммунитетті дамытуға арналған әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылуда. Осыған байланысты, елімізде азаматтардың діни және дінтанулық білім алуларына мүмкіндік жасалуда. Бұл алған білімдері теріс ағымдағы жолдарға төтеп беруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта республикада "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті және тоғыз Ислам медресесі, бір православиялық және бір католиктік діни семинариялар жұмыс істейді. "Нұр-Мүбарак" университеті исламтанушылар, дінтанушылар мен филологтарды дайындайды, онда жоғары білікті мысырлық және отандық оқытушылар сабақ береді.

Қазақстандық жоғары оқу орындарында дінтану және теология саласында мамандар даярлау Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ , Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Е. Бөкетов атындағы Қарму және т. б. университеттері базасында табысты жүзеге асырылуда. Аталған оқу орындары зайырлы қоғамда, еліміздің білім беру стандарттарына сай жүргізіледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) өз Отанында бастапқы діни білім алуды және одан кейін ғана теологиялық білімді одан әрі тереңдету үшін шетелге шығуды ұсынатынын атап өткім келеді. Сонымен қатар, ҚМДБ беделді шетелдік теологиялық оқу орындарында білім алу үшін тиісті бағыттар береді және "Әл-Азһар", Түркиядағы "Хасеке" Мүфтилер даярлау орталығы және т. б. сияқты белгілі бір университеттерді ұсынады.

Қорытындылай келе, студенттер мен болашақ студенттердің ата-аналарына шетелдік оқу орындарында оқу кезінде мүмкін болатын барлық қауіптерді ескеруге кеңес бергім келеді. Сондай-ақ, дінге байланысты кез келген сұрақтар, оның ішінде теологиялық білім алуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда сіз әрқашан iKomek 109 нөміріне қоңырау шала аласыз.

Шамшатов Еркебұлан

Діндерді зерттеу орталығының мониторинг

 және талдау бөлімінің сарапшы маманы