Мұсылман – мемлекеттің әлеуметтік тірегі

Діни экстремизммен ойдағыдай күресу үшін ең алдымен оның келесідей әлеуметтік алғышарттарын болдырмау керек:

  • Қоғамдағы кенеттен болатын мүліктік жіктелу. Сонымен қатар наразылық жиі тап мұндай кедей еместік, бірақ «әділетсіздік» деп қабылданатын әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы ауқаттылығында болатын айқын алшақтық тудырады;
  • Жұмыссыздық мәселесі, әсіресе жастардың жұмыссыздығы; Қазақстанда діни экстремизм үшін сотталғандардың шамамен 80% бұрын жұмыссыз болғандар құрайтындығы аса мәлім;
  • Ірі қалаларға миграциялық қысым, ішкі мигранттардың басым бөлігінің жағдайсыздығы, және т.б. тудыратын ауыл мен кіші қалалар мәселелері.

Барлық осы жоғарыда аталған мәселелер тек ислам тақырыбына қатысты емес. Бірақ осы тақырыптар ең алдымен діни экстремизмнің әлеуметтік базасын жою мәселесіне қатысты.

Бүгінгі күні мұсылмандардың әлеуметтенуі радикалдық идеологияға қарсы тұру бойынша маңызды құралдардың бірі болып табылады. Керісінше әлеуметтенудің жеткіліксіздігі, дүбәралану (мұсылмандар өмір сүретін қоғамнан алыстау) – ұстанатын мұсылмандар мен қалған қоғам арасындағы алшақтықтарды арттыру, оларды біріне бірін қарсы қою, өзара өшпенділігін, түсініспеушілігін және қорқынышын тудыру үшін қолынан келгенінше барын жасайтын экстремистерді насихаттаудың жетістігі үшін маңызды шарт.

Осыны ескерсек, діни экстремизмнің әлеуметтік базасын жоюға бағытталған мемлекеттің тікелей саясатынан тыс маңызды бағыт болып мұсылмандарға мемлекет ішінде тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтауда өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сауатты жеткізу және осыны мұсылмандардың ұғынуы болып табылады.

Діншіл адамдарға пендешілік пен руханилықтың дәл ара салмағы бар дұрыс ұғыну жетуі өте маңызды. Егер бастапқыда діни сенімді дұрыс жеткізу болса, шын мәнінде мұсылман мемлекеттің сенімді тірегі болады, оған дәлел Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның сахабалары (серіктестері) уақытынан бері исламның бай және классикалық тарихы.

Көптеген діншіл адамдар мұны бүгінде Пайғамбар Сүннеті деп атайды. Егер мұндай дәстүрлі түсіністікте ол дәл осылай болса. Өйткені ислам әлемдік діндердің бірі ретінде тек бейбітшілікке және адамгершілікке шақырады. Ал радикализм идеологтары Пайғамбар сүннетінің осы дұрыс классикалық түсінігін бұрмалайды және радкикалы құрылымсыз түрде жеткізе бастайды. 

Ислам мұсылмандардан қоғамның әлеуметтік жауапты мүшелері болуын, әлеуметтік тәртіпті ұстануын, адам өмірін, абыройын және мүлкін қауіпсіздікпен, дербес құқықтылықпен қамтамасыз етуін талап етеді. Ол тек мұсылмандардың арасында ғана емес, сонымен қатар мұсылман емес адамдарға да қатысты айтылады.

Исламның әлеуметтік жолдауы – ол қаналғандарға және кедейлерге көмек көрсету, жетімдерге және әлсіздерге күтім жаау, барлық жағдайда адал және әділетті болу, және ең бастысы, ол адамның ісі басқа адамдар үшін игілік әкелуі болып табылады.

Берілген жағдайда ат-Табаранимен жолданған хадиске сәйкес мұсылмандар мына шартты жетекшілікке алулары тиіс: «Адамдардың ең жақсылары адамдар үшін ең пайдалылары». Сәйкесінше, адамдарға пайдалы болу – мұсылмандар өмір сүретін қоғамда, әлеуметтік, қоғамдық, экономикалық және басқа да өмір салаларына араласу жолымен қол жеткізілетін маңызды Сүннет болып табылады.

Тәуелсіздіктің негізгі принциптері болып территориясының, мәдени мұрасының, ұлттық тілінің және мемлекеттілік дәстүрлерінің  болуы табылады. Мұсылмандар елдің азаматтары ретінде осы егемендіктің және мемлекеттіліктің басты тасымалдаушылары болып табылады. Өйткені тек тұрақтылық жағдайында ол қорқынышсыз өз дінін ұстана алады. Классикалық түсініктегі ислам ол – артықшылық емес, жауапкершілік.

Бүгінгі күні алдын алу әрекетінде діннің дәл осы жасмпаз әлеуметтік астарларын жандандыру қажет. Мұсылмандардың ел тіршілігіне әлеуметтік араласуы және ел ішінде тәуелсіздік пен тұрақтылықты сақтаудағы олардың әлеуметтік жауапкершілігі бойынша тақырыптарды өзекті қылу.

Сондықтан діншіл адамдармен тек догмалар тілінде ғана сөйлесіп қоймай, сонымен қатар басқа да ғылыми дәлелдерді, мысалы, мұсылман ол өзін дінге арнаған адам ғана емес, ең алдымен мұсылман ол жақсы хирург, инженер, агроном, бизнесмен және т.б. қосуға болады.

Діннің жасампаз потенциалын жандандыру үшін сонымен қатар кинодан, әдебиеттен, кітаптан, театрдан айғақтар келтіруге болады.

Осы бәсекелес ортада елдің мұсылмандары дәстүрлі ілімнің жақтаушылры ретінде діндарлардың заманауи сын-тегеуріндеріне және сұрақтарына епті жауап берулері тиіс. Мысалы: ақсүйектік пен ислам үйлесімді ме? Демократия дегеніміз не? Өзіңнің табыс деңгейіңді қалай арттыруға болады? және т.б. салыстырып және мынадай нақты пәндерден: өз уағыздары үшін физика, философия, география, тарихтан мысалдар келтіру дағдысына ие болуы керек.

Ш.Аляутдиновтың мысалы бойынша ислам дінінің негізгі ережелерін заманауи қоғамның шынайылықтарымен салыстыра отырып және ислам діні мәнмәтініндегі заманауи адамды аса толғандыратын сұрақтарды басым түрде түсіндіре отырып білікті жеткізу.