А.ж. 5 қазан айында Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖ) қызметкерлеріне «Сотталушылар арасындағы діни экстремизімді алдын алу» атты семинары өтті

Семинарда Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Тойғылы Дінмұхаммәд қызметкерлерге орталықтың негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырып,  деструктивті діни ағымдар туралы жалпы ақпарат берді. Сонымен қатар діни экстремизімді алдың алу туралы видео роликтер көрсетілді.

Семинардың жалғасында «Ырыскелді қажы» мешітінің наиб имамы Нурканов Сеит «Сотталушылар арасында деструктивті идеология қайдан пайда болады?» тақырыбында Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлеріне деструктивті идеологияның қауіптілігі әрі не үшін қарапайым азамат сондай идеологияға еріп кететінің жайында тоқталды. Имам Нурканов Сеиттің көзқарасынша «Таза дінді үйренемің деген ниетгі азаматты радикалды топтар қасиетті болып саналған  Құран мен сүннетті кері интрепритациялау арқылы өздерінің тұзағына түсіреді».

Семинардың барысында «Жат ағымның қазақтың ділі мен дініне тигізер зияны» тақырыбында Діндерді зерттеу орталығы теолог маманы, исламтанушы Қыстаубаев Мұратбек өз баяндамасын оқыды. Тақырып аясында теолог маман «Жат ағымның  қоғамға әкелер зианы  – тұлғаның тұла бойындағы болмысың, басқа елдерден ерекшелейтің салт-дәстүрің жоққа шығарыды, өз ұлтына деген сүйіспеншіліктен айырып, отанға деген сағыныш пен махаббатты жояды» деп жат ағымның ззиянын атап өтті.

Семинарда Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖ) қызметкерлеріне таратпа материалдар таратылды.

Семинардың соңында қызметкерлер тарапынаң қойылған сұрақтарға  теолог мамандар тұшымды жауап берді. Сонымен қатар лекторлар мен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері   жалпы фотоға түсті.

Семинарға 30 жуық қызметкер қатысты.