ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

Мұсылман қауымын «мың айдан да қайырлы болған – Қадір түнімен» құттықтаймыз! Рамазан айында тұтқан оразаларыңыз бен тілеген тілектеріңіз қабыл болсын.

Бұл түнді әлемнің барша мұсылмандары асыға күтеді. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылман жұрты бұл түнді құлшылықпен өткізуге тырысады. Ислам - адамзат баласын татулыққа, тыныштық пен тұрақтылыққа үндейді. Осынау биік құндылықтар тек мұсылман қауымын ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының ынтымағын арттыра түсетіндігі анық!