Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймыз!

Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймыз. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Бұл күні бүкіл ағайын-тума әу­леттің бас иесіне, ауыл-аймақ сол жердің ақсақа­лына, жасы кіші үлкенге ар­найы барып, қол беріп көрісіп, «бір жасымен» құт­тықтайды.

Көрісу күні — пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиіп, адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, бір-біріне тілектерін айтатын күні.

Осындай ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін тамаша мерекеде барша адамзатқа молшылық пен береке тілейміз!