БҮГІН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАЦИЯ ЖӘНЕ ҒАРЫШКЕРЛЕР КҮНІ!

Осыдан 60 жыл бұрын, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырған-ды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагаринның болғаны әрбір жанның жадына мықтап бекігені рас.

Халықаралық ғарышкерлер күнінің Қазақстан үшін маңызды мереке екенін аңғаруға болады. Бүгінде қазақтың үш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтің кеуделерінде Тәуелсіз Қазақстанның ең жоғарғы наградасы – «Халық Қаһарманының» Алтын жұлдыздары жарқырап тұр.