Діндерді зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері арасында «Сотталушылар арасындағы діни экстремизмді алдын алу» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарын өткізді

Семинар арнайы ҚАЖ департаментіне қатысты ЕЦ-166/5 түзеу мекемесінің қызметкерлеріне арналды.


Шарада Діндерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Сүлейменов Жандаулет «Сотталғандар арасында діни экстремизмнің жайылу себептері» тақырыбында сөз сөйлеп, діндегі идеологиялық жұмыс жүргізу тәртібі туралы айтты.

Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Смагулов Марат «Деструктивті діни ағымды ұстанушылар» тақырыбында экстремизм бабымен сотталған тұлғалармен жұмыс жасау ерекшелігі жайлы түсіндірді.

Семинар соңында түзету мекемесінің қызметкерлері орталық мамандарынан дін саласына қатысты көкейкесті сұрақтарына жауап ала алды. Жалпы семинарға 25 қызметкер қатысты.