Нұр-Сұлтанда конфессияаралық келісім мәселелері талқыланды

Бүгін елордада «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асырудың 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру шеңберінде, ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Зайырлы мемлекет және конфессияаралық келісім - Тәуелсіздіктің негізі» тақырыбында діни бірлестіктер мен ҮЕҰ және елордамыздың ғылыми-сараптамалық қоғамдастығының өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы өткізілді.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен елордалық Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Дөңгелек үстелге «Терроризмге қарсы комитет» ДҚБ президиумының төрағасы А. Оразбаев, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Е. Жүсіпов, ҚСЗИ Жетекші ғылыми қызметкері М. Бектенова, сонымен қатар, қаланың діни бірлестіктерінің, ғылыми-сарапшылық қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Рухани Келісім Күні қарсаңында өткен дөңгелек үстелге қатысушылар дін саласындағы оң жетістіктерді, ҚР-дағы діни ахуалдың тұрақтылығын, елдегі конфессияаралық және ұлтаралық келісімді, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік жүргізіліп жатқан саясатына қолдауын атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауын талқылап, президент жүргізіп отырған саясатқа толық қолдау білдірді.

Еліміз бірегей тарихи-мәдени жағдайларға және діни саланың ерекшелігіне ие бола отырып, әлемдік қоғамдастық таныған мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың өзіндік моделін іске асырады.

Біздің мемлекетіміздің зайырлы сипаты – конфессияаралық қатынастардың көрінісі болып табылады. Діни бірлестіктердің тұрақты диалогы мемлекеттік-конфессиялық саясатқа оң нәтижесін беріп, қоғамда конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді.