РЕСПУБЛИКА КҮНІ

Құрметті отандастар! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтамыз!

Ұлытауда өткен ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның 25 күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек» деп бекіткен болатын.

Осындай атаулы күні баршаңыздың дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Ұлтымыздың ұлы мерекесі құтты болсын!