Құрметті оқырмандар, Ораза айт құтты болсын!

Мұсылман үшін рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке.

Ораза айты адамдарды бауырмалдылық пен кішіпейілділікке, кешірімділік пен сүйіспеншілікке шақырады. Баршаңызға амандық, отбасыларыңызға береке тілейміз. Халқымыздың ынтымақ-бірлігін артып, ырыс-несібесі молайсын!