РММ №2 (ЕЦ-166/5) түзету мекемесінде сотталушыларға «Жұмақ» фильмінің жалғасы көрсетілді

Діндерді зерттеу орталығы мамандары Астана қаласы ҚАЖД қарасты Аршалы ауданында орналасқан РММ №2 (ЕЦ-166/5) түзету мекемесінде сотталушылармен кезекті іс-шаралар ұйымдастырды.

Пенитенциарлы мекемеде толыққанды жұмыс жасау үшін 6 маманнан құралған мобильді топ құрылған болатын. Оған:

- Орталықтың директор орынбасары – Ж.Сулейменов;

- Орталықтың бөлім басшысы – Б.Молдажаров;

- Орталықтың теологтары – Д.Тойғылы, М.Қыстаубаев;

- Астана қаласы ҚАЖД өкілі – С.Қалдыбаев; 

- «Әс-Сәләм» мешітінің наиб имамы Р.Қабдысалым кірді.

Кездесу барысында «Уақыттың қадірі және оны тиімді пайдалану», «Қателіктен сабақ ал» және «Сенім жолы» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Дін істері басқармасының ықпал етуімен мекеме кітапханасына 30 дана Қазақстан қоғам құндылықтары мазмұнындағы кітаптар табысталды.

Сотталушылармен 2 топтық және 9 жекелеген қабылдаулар жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, сотталып шыққан діндар жігіттің өмірін баяндайтын тәрбиелік бағыттағы «Жұмақ» көркем фильмі сотталушылар назарына ұсынылды. Жалпы іс-шараға 40-қа жуық сотталушы қатынасты.