РММ №2 (ЕЦ-166/5) түзету мекемесінде сотталушылармен кезекті кездесу ұйымдастырылды

Дін істері басқармасының бастамасымен Діндерді зерттеу орталығы Астана қаласы ҚАЖД қарасты Аршалы ауданында орналасқан РММ №2 (ЕЦ-166/5) түзету мекемесінде сотталушылармен кезекті кездесу ұйымдастырды

Кездесу барысында «Әлжан ана» мешітінің наиб имамы Актанов Азамат «Жақсылық пен жамандықтың діндегі мағынасы» тақырыбында, Орталықтың теологтары Дінмұхаммәд Әбубәкірұлы «Дін мен мемлекет» тақырыбында және Мұратбек Қыстаубаев дәріс өткізді.

 

Дәріске жалпы 10 сотталушы қатысты. Сондай-ақ, сотталушылармен жеке кездесулер жүргізілді. Сотталушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Алдағы уақытта мұндай кездесулер жоспар бойынша жалғасын табатын болады.