РММ №2 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ СОТТАЛУШЫЛАРҒА АУЫЗАШАР ӨТКІЗІЛДІ

Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласы ҚАЖД қарасты Ақмола облысы Аршалы ауданында орналасқан РММ №2 түзету мекемесінде сотталушыларға ауызашар өткізілді.

Ауызашар Астана қаласының ҚМДБ өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, 170 адамға дастархан жайылды.

Іс-шара барысында Орталықтың теологы Тойғылы Дінмұхаммәд «Мемлекет пен дін» тақырыбында, ал «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, әрі Орталықтың теологы Қыстаубаев Мұратбек «Рамазан айының қадір-қасиеті» туралы сөз сөйледі.