РММ №3 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ СОТТАЛУШЫЛАРҒА ОРАЗА ҰСТАУШЫЛАРҒА АУЫЗАШАР ӨТКІЗІЛДІ

Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен РММ №3 түзету мекемесінде сотталушыларға ораза ұстаушыларға ауызашар өткізілді.

Аталған ауызашар ҚМДБ Астана қаласының өкілдігінің қолдауымен өткен болатын. Ауызашарда  100 адамға арнап дастархан жайылды. 

Іс-шара барысында Орталықтың теологы Тойғылы Дінмухаммәд "Мемлекет пен дін" тақырыбында түсіндіру жүргізсе, ал "AQ MESHIT" мешітінің наиб имамы Жақып Әбдірахманұлы "Оразаның қадір-қасиеті" тақырыбында түсіндірме жүргізді.