ӨЗ ҚАЛАМЫЗДЫ ТАЗА ҰСТАЙЫҚ!

Бүгін Дін істері басқармасы мен Діндерді зерттеу орталығының мамандары біркісідей жұмыла кірісіп, өз аумақтарына тазарту жұмыстарын жүргізіп, жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

Бұндай шаралардың мақсаты қоғам арасында экологиялық мәдениет қалыптастырып, әр адамның тұрғылықты жерінің тазалығын сақтауға назар аударту.

Дәстүрлі түрде өткізілітен «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында биыл да нөсер және кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарлар мен кварталішілік аумақтарды тазалау, саябақтар мен гүлзарлардағы жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар алаңдарын орнату жөніндегі іс-шаралар, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мен ластанған учаскелерді жою жұмысы жүргізіледі.