18 қазан күні елордада Рухани келісім күніне арналған «Қазіргі заманның сын-қатерлері жағдайында конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту» тақырыбында халықаралық конференция өтті

Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А. Оралов, елордалық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Н. Әлмұханов, ҚР - да Рухани Келісім Күнін өткізу идеясының авторы Т. Мұхамеджанов және Халықаралық ұйымдардың басшылары мен Республикалық Діни конфессия өкілдері қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Орыс православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александр еліміздегі мұсылман қауымын жыл сайын Құрбан айт мерекесімен құттықтайды. Мен де өз тарапымнан православ сеніміндегі христиандарды Рождество мерекесімен құттықтап, арнайы хат жолдаймын. Өйткені, өркениетті елдердегі діндераралық татулықтың қалыптасуы – аса маңызды іс»,-деп атап өтті.

Діни бірлестіктердің тұрақты диалогы мемлекеттік-конфессиялық саясатқа оң нәтижесін беріп, қоғамда конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді.

https://elorda-din.kz/