9 шілде - Құрбан айт мерекесінің бірінші күні

Мұсылман жамағатының пікірінше Құрбан айт елдің бірлігін күшейтіп, өзара бауырластықты арттырады. Жылына бір рет келетін мерекеде мұсылман жұрты құрбан шалып, яғни мал сойып, Алладан кешірім сұрап, мұқтаж жандарға садақа таратады.

Құрбан айт мерекесі тарихының тамыры сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар заманынан бастау алады. Құрбан шалу – пайғамбарлар атасы Ибраһимнің (ғ.с.) сүннеті.

Айта кетейік, пандемия басталғалы ҚМДБ қашықтан құрбан шалу жүйесін іске қосқан еді. Бұл жылы да qurban2022.kz сайты іске қосылғанын хабарлаймыз. Халық өз ыңғайына қарай онлайн да, оффлайн да құрбан шала алады. Егер, сізге онлайн құрбан шалу ыңғайлы болса, сайттан құрбандық малын таңдап, тапсырыс берушінің номерін көрсетесіз. Сол номерге кейін бейне және фото есеп жіберіледі.