Армандар марафоны

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы елорда әйелдер жамағаты үшін «KinoTime» сағатын өткізді.
Орталықта ұйымдастырылған іс-шараның ашылуында Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ж.Қарашолақов, психология ғылымдарының кандидаты А.Нұрадинов және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ аймақтану кафедрасының меңгерушісі А.Оспанова сөз сөйледі.

«KinoTime» сағатында «Армандар марафоны» көркемфильмі көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар ақпараттық таратпа материалдарын және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «iKOMEK-109» қауырт желісі туралы, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық діни іс-шаралары мен сұрақтарына жауап алатындығынан хабардар болды. Іс шара аясында барлығы 15 көрермен қамтылды.