Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Рамазан – мұсылмандар үшін шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi. Биыл Рамазан айы 23 наурыз басталып, 20 сәуірге дейін жалғасады.

Қасиетті айда тілеген дұға-тілектеріңіз орындалып, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

Рамазан айын өткізуге қатысты сұрақтарыңыз болса, iKomek-109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы елордалық Діндерді зерттеу орталығына қоңырау шала аласыз!