Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр

«Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр»- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатынан. Президент өз сөзін әлемді абдыратқан короновирус пандемиясынан бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаев індет жалпы адамзаттың бет-бейнесін, тұрмыс-тіршілігін өзгерткенін айтты. Ауыр дерттің алдында дамыған мемлекеттердің өзі дәрменсіз болып отыр. Озық деп жүрген Еуропа елдері, азуын айға білетін АҚШ, Азия алыптары Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, өзге де елдер тығырыққа тірелгендей.

Біздің елде билікте жүргендердің арасынан 15 шақты адам осы дертке шалдыққан. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны 20 мыңға жуықтады.

Сонымен қатар, «бұл жерде вирусты кімнің қалай жұқтырып алғанында емес.Сол азаматтарымыздың ауруын асқындырып алмай, тезірек жазылып шығуына жағдай жасау қажет»,- деді президент.

#жақыныңажанашырбол
#бізбіргеміз