Қазақстан халқының толеранттылығын нығайтуда діннің ролі

Ү.ж. 4 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Дінтану» кафедрасының аға оқытушысы С.Әлімқұлова Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі студенттеріне «Қазақстан халқының толеранттылығын нығайтуда діннің ролі» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында С.Әлімқұлова зайырлылық қағидаттары, толеранттылық ұғымы және оның маңызы туралы, сондай-ақ, қоғамда толеранттылықты нығайтуда діннің атқаратын ролі туралы жан-жақты мәлімет берді.