«Қазақстан қоғамының бірлігі мен тұтастығын нығайтудағы діннің рөлі» - атты дөңгелек үстел

14 наурыз күні Достық үйінде Елордалық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан қоғамының бірлігі мен тұтастығын нығайтудағы діннің рөлі» - атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге елордалық дін өкілдері басшылары, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Қазақ елі әртүрлі дін өкілі мен әралуан мәдениеттің тоғысқан жері болып табылады. Әлемдік аренаға Қазақстан конфессияаралық қарым-қатынасты нығайтқан тәжірбиелі ел ретінде танылды. Бұның өзі үлкен еңбектің арқасы екендігі анық. Іс-шара осындай тыныштықты әрі конфессияаралық қарым-қатынасты жақсарту мақсатында өткізілді.