Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне

20 қыркүйек күні «Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығы» жасөспірімдерге арналған «4 қадам, 4 таған» кешенді жобасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне» серуен ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның мақсаты: Жастарды тарихи кезеңдермен таныстыра отыра Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Шара қорытындысы бойынша 38 мектеп оқушысы қамтылды.

Мәдени экскурсия барысында жасөспірімдер мұражайдағы тәуелсіз Қазақстан дамуы тарихымен, сирек кездесетін кітаптар, фотоқұжаттар мен мұрағат материалдарының түпнұсқаларымен т.б. құнды жәдігерлерімен танысты.

Шара бойынша балаларға тарихи құндылықтарды көріп, өздеріне қажетті рухани ақпараттарды меңгерулеріне музейдегі мұрағаттар үлкен септігін тигізді. Іс-шара барысында қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің діни сұрақтарға жауап беретін «iKomek-109» қауырт желісі туралы және ақпараттық-түсіндіру таратпа материалдары үлестіріліп, жалпы фотолар жасалынды. Мұражайда өткен экскурсиядан соң оқушылар алған әсерлерімен өзара бөлісті. Алдағы уақытта осы тектес шаралар жалғасын табатын болады.