Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен конституция күніне орай рухани келісімді нығайтуға арналған үстел теннисінен турнир өткізілді

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасы, Қазақстандағы Евангел сеніміндегі христандар одағы мен елордалық діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Жүлделі бірінші орынға «Радуга» Христиан пресвитериандық шіркеуі» жайғасты. Ал екінші орынды «Благодать» астаналық христиан пресвитериан шіркеуі» алса, үшінші орынды Астана Христиан Елуінші Күндік Шіркеуі «Толық Інжіл» қанжығасына байлады. Ойын тартысты , әрі қызық өтті. Діни бірлестіктер осындай ойындар жиі өткізіліп тұрса деген ниет білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы Дін істері басқармасы мен Қазақстандағы Евангел сеніміндегі христандар одағының бастамасымен өткен турнир – дінаралық татулық, өзара сыйластық пен бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған.