Баршаңызды Елорда күнімен құттықтаймыз!

Елорда күні әрбір қазақстандық үшін шын мәнінде жалпыхалықтық мереке бола отырып, маңызды қоғамдық-саяси мәнге ие. Еліміздің астанасы өткен мен болашақты біріктіріп, күш-қуатқа толтыра отыра, игі істерге шабыттандырады.

Нұр-Сұлтан осындай қысқа мерзім ішінде Еуразияның сәулеті жарасқан қаласына айналды. Бірегей құрылыстардың, қала құрылысының заманауи технологияларының арқасында елорда бүкіл әлемге танымал болды.

Әлем астаналары арасында лайықты орын алатын Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-сұлтан қаласы Күн сайын гүлденіп, көркейе берсін. Қала тұрғындарына және барша қазақстандықтарға бақыт, денсаулық, амандық тілейміз!