«Берекелі жәрмеңке»

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығы ықпалымен елорданың әйел жамағатына арналған 19.09.2020 өткізілген іс-шараның жалғасы ретінде  «Берекелі жәрмеңке» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара «Евразия-3» сауда үйінде өткізілді. Жәрмеңкенің ашылуында Дін мәселелерін зерттеу орталығы директоры орынбасары Ж. Сүлейменов, PhD доктор, ЕҰУ политология кафедрасының меңгерушісі И.Рыстина және PhD доктор, ЕҰУ оқытушысы И. Сақтағанова сөз сөйлеп, жәрмеңкеге қатысуышларға ыстық лебіздерін білдіріп, іс-шараға сәттілік тіледі. Жәрмеңкеде күнделікті тұтынуға арналған, әйелдерге арналған косметикалық тауарлар, иіссулар, ересектер және балалар киім-кешектері, бас киімдер сатылымға қойылды.

Іс-шара барысында, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің діни сұрақтарға жауап беретін «iKomek-109» қауырт желісі туралы және ақпараттық-түсіндіру таратпа материалдары үлестірілді.

Алдағы уақытта осы тектес шаралар жалғасын табатын болады.