Бүгін Діндерді зерттеу орталығы мен «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Бүгін Діндерді зерттеу орталығы мен «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалымен жастардың рухани дамуына, діни көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған жастар ақпараттық-түсіндіру тобының жаңғырту бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Діндерді зерттеу орталығының директоры Мади Тайпин айтты.

«Жастар арасындағы нормалауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және діни толеранттылықты тұрақтау, экстремизм мен терроризм идеологиясын таралудың алдын алу жұмыстарын жүргізу, патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шараларды өткізу біздің басты мақсатымыз», - деп орталық директорының орынбасары Жандаулет Сүлейменов жұмыс барысын таныстырып өтті.

Іс-шараға Жетінші шақырылымының елордалық мәслихат депутаты Бақдәулет Жанділдаев, Діндерді зерттеу орталығының директоры Мади Тайпин және теолог Жандаулет Сүлейменов қатысты.

«Әрбір үшінші елорда тұрғыны 35 жасқа дейінгі жастар болып табылады. Сондықтан да жастар арасында дін тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, діни сауаттылықтарын арттыруға арналған іс-шаралар өткізу маңызды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, алдағы уақытты Діндерді зерттеу орталығымен бірлесіп көптеген жобалар жасайтын боламыз»,- деді «Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалының төрағасы Бақдаулет Жанділдаев.

Бұл ортақ бастама жастардың рухани дамуына, діни көзқарастарын қалыптастыруға және діни сауаттылығын арттыруға бағытталмақ. Діндерді зерттеу орталығы мен «Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалы қолға алып жатқан жұмыстың нәтижелі болуы үшін қос тараптың белсене қызмет етуі үшін бар күш-жігерімізді саламыз.