БІЗДЕ 1 МИЛЛИОН ҚАРАЛЫМ!

Бүгінгі күн орталығымыз үшін жағымды жаңалықпен басталды. Себебі, парақшамыздағы «Жұмақ» атты қысқаметражды фильм 1 000 000-нан аса қаралым жинап, көптің көңілінен шығып үлгерді.



Фильм дәстүрлі емес діни ағымдардан алдын алу мақсатында түсірілген. Туынды жарыққа шыққалы бері, Youtube желісінен бөлек, TikTok, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде көптің талқылауына түскен фильмге айналды.


Тағы бір қуантарлық жағдай, біздің Youtube-тағы ресми парақшамызға тіркелушілер 10 000-нан асты. Біреу үшін көп, біреу үшін аз сан болар, ал біз үшін бұл үлкен жетістік. Біз жеткен шыңның бұл басы ғана, алар асуымыз әлі алда. Бізді көретін көрермен, тыңдайтын халық барда шабыттана түсеріміз сөзсіз.