Дін істері басқармасы бастамасымен Діндерді зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖД қарасты Аршалы ауданында орналасқан ЕЦ-166/5 түзету мекемесіндегі сотталғандарға «Жұмақ» фильмін көрсетті.

Аталған фильмнен сотталушылар ерекше әсермен шықты. Бұған дейін де ҚАЖД қарасты мекемемен бірлесе отырып ЕЦ-166/1 мекемесіндегі сотталғандарға бұл фильм көрсетілген болатын. Алдағы уақытта ҚАЖД қарасты басқа да мекемелерде «Жұмақ» фильмінін көрсету жоспарлануда.

Сонымен қатар, орталық теологтары Д.Тойғылы, М.Қыстаубаев және ҚМДБ-ға қарасты имам Е.Ниязов мекемедегі сотталғандарға жалпы, жеке кездесулер жүргізді. Кездесуделерде мамандар «Көркем мінез», «Матуриди ақидасы» және «Ханафи мәзһабы» тақырыптарында түсіндірме жүргізді.