«Діни экстремизмнің алдын алудағы жергілікті және мемлекеттік органдардың өзара тиімді байланыстары» тақырыбында семинар өтті

Бүгін орталығымыз бен Астана қаласы дін істері басқармасының бастамасымен «Діни экстремизмнің алдын алудағы жергілікті және мемлекеттік органдардың өзара тиімді байланыстары» тақырыбында семинар өтті. Семинар мемлекеттік қызметшілерге арнап ұйымдастырылды. Іс-шара «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс–қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» бағыттарын қорытындылау және өзара тиімді байланысты одан әрі арттыруды жалғастыру бойынша өткізілді.

Отырыста ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Б. Бакиров, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару институтының директоры, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы З. Ғайыпов, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, саясат ғылымдарының кандидаты Б. Нұрмағамбетов, Философия ғылымдарының кандидаты К. Тышхан сөз сөйлеп, мемлекеттік орган өкілдері өз ойларымен бөлісті.

Семинарда дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары жайлы айтылып, ұлттық мүдделерді қорғау шеңберінде мемлекеттік саясат, дін мен дәстүр сабақтастығы сынды тақырыптар талқыланды. Семинар барысында тыңдаушыларға арналып ақпараттық таратпа материалдар таратылды.