Елбасы Н.Назарбаевтың басқаруымен Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның әлеуметтік саладағы жетістіктері

PhD докторы, Еуразия Ұлттық

университетінің оқытушысы

Сақтағанова Индира Советқызы

 

Әлеуметтік бағдарланған мемлекет - Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі. Биліктің қазіргі заманғы түсінігіның өзі оның қоғам мен халыққа назар аударылғанын білдіреді. Тұңғыш Президент бірнеше рет адамның, оның білімі мен қабілеттерінің біздің еліміздің басты капиталы мен құндылығын білдіретінін атап өтті. Бұл барлық қабылданған бағдарламалар мен құжаттардың нәтижесінде жұмыс істейтін үйлесімді дамыған әлеуметтік мемлекетті қалыптастырады. Тек әлеуметтік бағдарланған мемлекет қана халықтың өмір сүру сапасын және адам әлеуетін толық қамсыздандыра алады. Осы постулаттардың негізінде біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясаты қалыптасты. Оның басты басымдықтарының бірі сапалы медицина мен білім беру, халықты тиімді жұмыспен қамту және мақсатты әлеуметтік көмек болып табылады. "Нұр-Отан" партиясының XVIII съезінде Елбасы Н. Назарбаев ең басты құндылық ретінде – азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін көтеру және Қазақстанның әлеуметтік бағытта дамитын мемлекет болуын қамтамасыз етуіне назар бөлген болатын. Әлеуметтік төлемдерге кеткен қаржылар елде өте жоғары  және келешекте де жоғарылай бермек.

2019 жылы әлеуметтік салаға барлық республикалық бюджеттің кеткен шығындардың 45% - ы берілді.

Мемлекеттің басты мақсаты – азаматтары, олар өз күнкөрістерін көруге жалақы табатын, жұмыс беру.

Еліміздің әлеуметтік саясаты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

а) халықтың табысы аз топтарын қолдау және кірістерді арттыру;

б) табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту;

в) аймақтарды кешенді түрде дамыту.

Бүгінде Тұңғыш Президенттің тұрақты назарының арқасында елімізде тиімді және жоғары сапалы әлеуметтік жүйе қалыптасты. Елбасы Н.Назарбаевтың басқаруымен Тәуелсіздік  жылдары Қазақстанның әлеуметтік саладағы жеткен жетістіктеріне нақтырақ тоқталатын болсақ:

 

Соңғы 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті

1999-2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік төлемақыларға бағытталған республикалық бюджеттің шығыны 6,9 есеге өсті (25,8-ден 177,5 млрд. теңгеге дейін).

Аталған кезеңде мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемақылардың орташа көлемі 7,3 есеге өсті: 3 106-дан 22 710 теңгеге дейін.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемақының көлемі 4,8 есеге өсіп, 2015 жылы 20 555 теңге болды (1999 жылы – 4 250 теңге).

Жас ерекшелігіне байланысты жәрдемақы 5,7 есеге өсті: 1999 жылы 1 951 теңгеден 2015 жылы 11 110 теңгеге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылды. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 664 мыңнан аса жәрдемақы алушылар тіркелген.

 

17 жылда қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақысының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды

1999-2015 жылдар аралығында Қазақстанда ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 9,4 есеге ұлғайды. 1999 жылы ынтымақты зейнетақының орташа көлемі 4 мың 179 теңге болды, 2015 жылы аталған көрсеткіш 39 мың 379 теңгені құрады.

Көрсетілген кезеңде зейнетақы шығындары 1999 жылы 99,1 млрд.теңгеден 2015 жылы 918,4 млрд. теңгеге дейін 9,3 есеге жуық өсті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы ынтымақты зейнетақының көлемі жыл сайын инфляция деңгейінен 2% басым көрсеткішпен индекстеледі. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы төлемдері 9%-ға өсті. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 1,9 млн. зейнеткер бар. 

 

Соңғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда МӘСҚ әлеуметтік жәрдемақысын алушылар саны 50 еседен астам өсті

2005-2015 жылдар аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) жұмысқа қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 1 мың 302 адамнан 69 мың 951 адамға дейін ұлғайып, 53,7 есеге өсті.

Асыраушысынан айырылу жағдайына қарай жәрдемақы алатын адамдар саны 549-дан 31 135 адамға дейін 56,7 есеге өсті, жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алушылар  3258 есеге ұлғайды (8 мыңнан 26 мың 70 мадамға дейін).

2008 жылдан бастап жүктілік пен босануға байланысты, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ жәрдемақылары тағайындалып келеді. 8 жылдың ішінде жүктілік пен босануға, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуға төленетін жәрдемақыны алушылар саны 1,9 есеге өсіп, 2015 жылы 173,2 адамды құрады (2005 жылы – 89,3 мың адам), 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылуға берілетін жәрдемақы алушы азаматтар саны – 2,4 есеге (83 мың 600-ден 201 мың 294 адамға дейін) ұлғайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың қосымша формасы ретінде енгізілген.  ҚР ДСӘДМ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру  жүйесіндегі әлеуметтік қатерге тап болған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы мен төлемақылар тағайындайды.

 

Соңғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 5 еседен астам өсті

2005-2015 жылдар аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) жұмысқа қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 5,2 есеге өсіп, 10 761 теңгені құрады (2005 жылы – 2 070 теңге болған), асыраушысынан айырылу жағдайына қарай – 5,3 есеге ұлғайды (2 634 теңгеден 14 058 теңгеге дейін).

Сонымен қатар, жұмысынан айырылу жағдайына байланысты төленетін МӘСҚ жәрдемақысы 7,3 есеге өсіп, 19 200 теңгені құрады (2005 жылы 2 621 теңге болған).

2008 жылдан бастап жүктілік пен босануға байланысты, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ жәрдемақылары тағайындалып келеді. 7 жылдың ішінде жүктілік пен босануға, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуға төленетін жәрдемақы 1,8 есеге (167 568 теңгеден 301 252 теңгеге дейін) өсті, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылуға берілетін жәрдемақы – 2,2 есеге (9 557 теңгеден 20 729 теңгеге дейін) ұлғайды.

Естеріңізге сала кетейік ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7%-ға өсті.

 

Соңғы 7 жылда жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 42,5 есеге азайды

2009 жылдан бастап республиканың кәсіпорындарында жалақы бойынша қарыздарды анықтау мен оны өндіру жөнінде мемлекеттік органдардың қабылдаған жүйелі шараларының нәтижесінде берешек көлемі 42,5 еседен астам азайды. 2009 жылы мерзімі өткен қарыздың көлемі (3 айдан аса) 4,6 млрд. теңге болса, 2016 жылғы мамыр айындағы мәлімет бойынша 108,2 млн. теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, аталған мерзімде аймақтардағы мемлекеттік еңбек инспекциясының жүргізген тексерулері нәтижесінде (106 мыңнан астам тексеріс) 435 мыңнан астам қызметкерлердің құқығы қорғалып, оларға тиесілі 46,5 млрд. теңге төлемақы қайтарылды.  

Еске сала кетейік, ҚР ДСӘДМ мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, еңбек даулары туындау тәуекелдеріне, қызметкерлердің қысқартылуы мен жұмыстан босатылуына және жалақының уақытылы төленуі бойынша тұрақты негізде бақылау жүргізеді.

 

Соңғы 8 жылда Қазақстандағы өндірістік жарақаттану көрсеткіші 30%-ға жуық төмендеді

Қазақстанда 2008-2015 жылдар аралығында өндірістік жарақаттану көрсеткіші 29,5%-ға төмендеді. 2008 жылы өндіріс орындарында 2 мың 444 адам жарақат алса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 1 мың 723 адамды құрады. 

2005-2015 жылдар аралығындағы өндірістік жарақаттан қайтыс болған қазақстандықтардың саны 2008 жылғы 404 адамнан 2015 жылы 251 адамға, яғни  38,1 %-ға азайды.

Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігі саласында атқарған іс-шаралары нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің өндіріс орындарында еңбекті қорғау мен оның қауіпсіздігін басқарудың заманауи жүйесін құруға бағытталған жаңа Еңбек кодексі әзірленіп, күшіне енді. Еңбек кодексінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде бірігіп іс-шаралар атқару үшін  жұмыс беруші мен жұмысшы тараптары өкілдерін біріктіруге негізделген өндірістік кеңесті құру көзделген.

 

Қазақстанда соңғы 17 жылда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге азайды

1999-2015 жылдары Қазақстанда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге төмендеп, 5%-ды құрады (1999 - 13,5%), жұмыссыз адамдардың саны 1999 жылғы 950 мың адамнан 2015 жылы 451,1 мың адамға азайды.

Жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші – экономикалық белсенді тұрғындардың жұмыссыздарға шаққандағы қатынасы. 

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ДСӘДМ тұрақты түрде жұмыс орындарын сақтау мен азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша белсенді шаралар жүргізіп келеді. 

2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 156 мың адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 142,3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

 

Соңғы 8 жылда бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік жәрдемақы көрсеткіші 4,6 есеге артты

2008-2015 жылдар аралығында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (әрі қарай - МӘСҚ) бір жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған азаматтарға төленетін жәрдемақы көлемі 4,6 есеге ұлғайып, 13 млрд. 349 млн-нан 61 млрд.703 млн-ға өсті.   

Жүктілік пен босану, жаңа туған нәрестені асырап алуға байланысты және кірісінен айырылған жағдайда азаматтарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 2005 жылдан бастап 3,5 есеге өсіп, 50 млрд. 972 млн. теңгені құрады (2005 жылы 14 млрд. 660 млн. болды).

2005-2015 жылдар аралығында жұмыс істеу қабілетінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік жәрдемақы 6 млн. теңгеден 7 млрд. 433 млн. теңгеге ұлғайды, асыраушысынан айырылған жағдайдағы төленетін жәрдемақы 4 млн-нан 4 млрд. 840 млн. теңгеге өсті, сонымен бірге, жұмысынан айырылған жағдайдағы төлемақы көлемі 30 мың теңгеден 1 млрд. 711 млн.теңгеге артты. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың қосымша формасы ретінде енгізілген.  ҚР ДСӘДМ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік қатерге тап болған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы мен төлемақылар тағайындайды.

 

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда баланың тууына орай төленетін жәрдемақы 7 есе көбейді

Соңғы 11 жылда (2003-2015 жж.) баланың тууына орай төленетін бір реттік жәрдемақы отбасындағы бала санына байланысты 7,8 есеге дейін ұлғайды (13 мың 177 теңгеден 103 мың 758 теңге дейін).

Әлеуметтік қолдаудың аталған  түрі еліміздегі туу көрсеткішіне оң әсер етті. Атап айтқанда, жоғарыдағы жәрдемақы енгізілген уақыттан бері бүгінге дейін бала туу 60% артқан. Бұл ретте халықты аталған жәрдемақымен қамту көрсеткіщі 2,5 есеге ұлғайды.

2006 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істемейтін әйелдердің бір жасқа дейінгі бала күтіміне  төленетін жәрдемақы енгізілді. 2006 жыл мен 2015 жылдар аралығында аталған жәрдемақы көлемі 3,7 есеге ұлғайды (алғаш туған балаға - 3 мың 90 теңгеден 11 мың 417 теңгеге, екінші балаға – 3мың 605 теңгеден  13 мың 498 теңгеге, үшінші балаға  4 мың 120 теңгеден 15 мың 559 теңгеге дейін). Төртінші және одан кейін туған балаларға жәрдемақы 3,8 есеге,  4 мың 635 теңгеден 17 мың 640 теңгеге дейін артты.

2010-2015 жылдар аралығында мүгедек-баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға төленетін жәрдемақы 1,5 есеге, 14 мың 952 теңгеден 22 мың 433 теңгеге дейін өсті.

Сондай-ақ, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды (тұлғаларды) қолдау үшін мемлекет тарапынан отбасының әр мүшесіне мекенжайлық әлеуметтік жәрдемақы қарастырылған. 2002-2015 жылдар аралығында аталған жәрдемақының көлемі 2,7 есеге ұлғайды  (с 816 теңгеден 2 мың 179 теңгеге дейін).

Қазақстанда 1999 жылдан бастап ҰОС ардагерлері, мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғалар, көпбалалы аналар мен отбасылар, барлық топтағы мүгедектер және т.б., барлығы азаматтардың 20 санатына мемлекеттік арнайы жәрдемақы (МАЖ) төленіп келеді.

Соңғы 17 жылда МАЖ көлемі 7 есеге,  926 теңгеден 6 мың 474 теңгеге дейін артты.

Еске салайық, көрсетілген жәрдемақылардың көлемі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) негізінде жыл сайын индекстеліп отырады. 2016 жылы АЕК 2 мың теңге 121 теңгені құрады.

 

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің жалақысы 17,6 есеге ұлғайды

Қазақстанда соңғы 20 жылда (1996 мен 2015 жылдар аралығында) азаматтық қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 17,6 есеге (4 мың 813 теңгеден 84 мың 722 теңгеге дейін) ұлғайды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауларына сәйкес бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет: 2006 жылы - 32%-ға; 2007 - 30%-ға; 2009 және 2010 жылдары - 25%-ға, 2011 - 30%-ға ұлғайтылды.

2014 жылғы 1 сәуірден бастап барлық мемлекеттік ұйымдар мен қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық ақының 10%-ы көлемінде үстемақы төлеу енгізілді.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысы олардың біліктілігіне қарай ұлғайтылды: денсаулық сақтау саласында -  7%-дан 28%-ға, білім беру саласында – 15%-дан 29%-ға, өзге салаларда –28%-дан 40%-ға дейін.

 

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда кедейлік деңгейі 17 еседен астам азайды

Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан кешеңді шаралар нәтижесінде 2001-2015 жылдары кезеңінде табыстары ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз тұрғындардың үлесі 46,7%-дан 2,7%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың өмір сүру сапасының және кедейлік деңгейінің азайғанының дәлелі.

2002 жылы әртүрлі объективті (жасы, уақытша еңбекке жарамсыздығы, денсаулығының жағдайы, жұмыстың жоқтығы және т.б.) себептермен өзінің тіршілік әрекеттерінде жағдай жасауда қиындықтарды бастан кешкен аз қамтылған отбасыларына  атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) қарастыратын «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың айтарлықтай үлесін балалар құрастыратыны ескеріліп, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2006 жылдың 1 қаңтарынан 18 жасқа дейiнгi балаларға ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы енгізілді. Нәтижесінде АӘК алушылардың саны 30,9 есе азайды (2002 жылы 1,18 млн. адамнан 2015 жылы 38,2 мың адамға дейін).

 Соңымен қатар, аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында, 1997 жылдан бері тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызмет төлемдері осы мақсаттарға кететін шекті шығындардан артқан  отбасылары үшін тұрғын үй көмегі енгізілді. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тәртібі жергілікті өкілді органдармен белгіленеді.

Осы шаралардың барлығы жан басына шаққандағы шығыны шығындарыдың белгіленген мөлшерінен төмен отбасыларына әлеуметтік қолдаудың элементтері болып табылады.

Сонымен қатар, қазіргі заман жағдайын есепке ала отырып, қолданыстағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды қайта қарау қажеттілігі туындап отыр, атаулы әлеуметтік көмекпен қолдауды күшейту, пассивті көмектен белсенді саясатқа өту, яғни өмірлік қиын жағдай туындаған кезден өту үшін еңбек белсенділігін ынталандыру.

Осыған байланысты, ұсынылатын әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейту үшін, аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмек көрсету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Өрлеу» жобасы 2014 жылдан бері іске асырылады. Ол атаулы көмек шартты нысанынан «өзара міндеттемелер» (әлеуметтік контракт жүйесі) принциптеріне өтуді қарастырады.    

Жобаның іске асырылуы оған қатысушылардың орта есеппен жан басына шаққандағы табысын 2 есе жоғарылауына әсер етті, жұмыспен қамту шараларына 90% жуық еңбекке белсенді қатысушыларды жұмылдыру, жалпы мемлекет бойынша АӘК және 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақылар алушыларын қысқарту - 31,8% және 2,1%  сәйкесінше.

Сонымен, кедейлікпен күресу бойынша тиісті шаралардың қабылдануы, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуіне, жұмыспен қамтудың және халықтың табысының өсуі, кедейлік деңгейінің айтарлықтай қысқаруына алып келді.    

 

Өмірде қиын жағдайда қалған адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жадынама

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің аса маңызды бөліктерінің бірі болып саналады.

2009 жылы қабылданған ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы жүйені жаңғыртуды бастап, оны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін кең пайдалану арқылы монополиялық сипаттан арылтуды қамтамасыз етуге, азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету ұйымын таңдау құқығын ұсынуға және қызметтерді алушылардың шығынын қоса қаржыландыру ұстанымын енгізуге мүмкіндік берді.

Бұл ретте келесі негізгі шаралар атқарылды:

а) өмірде қиын жағдайда қалған және қандай да бір тиісті санатқа жататын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету құқығын иеленген азаматтар санатын анықтау. Заң жүзінде тағдырдың тәлкегіне ұшыраған адамдарды айқындау негіздері бекітілді. Бұның арқасында мемлекеттік қолдауға мұқтаж жандар қатары 2009 жылмен салыстырғанда 40%-ға немесе 73 мыңнан 122 мың адамға өсіп, қызмет көрсету ауқымы кеңейді;

ә) тегін және ақылы түрде берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тізбесі, сондай-ақ оны тағайындау талаптары бекітілді. Мемлекет кепілдендірген арнаулы әлеуметтік қызметтер тізбесі бірнеше тармақтан тұрады: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық.

Аталған қызметтер, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін алушылар санатына жатпайтын азаматтарға ақылы түрде берілуі мүмкін. Мұндай мүмкіндікті жыл сайын орташа алғанда 50-ге жуық адам қолданады;

 б) әлеуметтік қызмет көрсету ұйымының түріне қарай, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлерінің төменгі нормативті штат санын және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын біртіндеп енгізу. Бүгінгі таңда арнаулы әлеуметтік қызметтердің 6 стандарты бекітіліп, іске асырылуда:

- стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты;

- жартылай стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты;

- үйге келіп қызмет көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты;

- уақытша болу жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты;

- адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты;

- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты.

Стандарттар, азаматтардың тұратын жері мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның орналасу жағдайына қарамастан, қызметтерді толық көлемінде алуға жол ашты;

в) мемлекетпен бірге, жеке ұйымдар да көрсететін қызметтердің бірыңғай тариф қызметтерін біртіндеп орнату. Егер, 2009 жылы, психоневрологиялық сырқаттармен ауыратын адамдарға арналған интернат-үйлердегі көрсетілетін қызметтер құны Маңғыстау облысындағы 1 164 теңгеден Астана қаласындағы 3 781 теңгеге дейінгі аралықта болса, бүгінде бұл көрсеткіш аталмыш өңірлерде, әкімшілік-шаруашылық қызметтер мен жылытуға жұмсалатын шығындарды қоспағанда, 3 мың теңгеден асып түсуде.

Бірыңғай тарифтер, сонымен бірге, толық мемлекеттік қамсыздандыруда тұрған адамдар үшін қызметтерді қоса қаржыландыру тетігін енгізуге мүмкіндік берді. Мәселен, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бері, толық мемлекеттік қамсыздандыруда тұрған адамдар зейнетақылар мен жәрдемақылардың 70%-ын олардың күтіміне қажет шығындарды жабуға жібереді. Осы орайда негізгі қойылатын талап, интернат-үйлерде өмір сүретін жандардың қолында қалатын зейнетақы мөлшері зейнетақының төменгі мөлшерінен аз болмауы, ал мүгедектерде – сәйкес жылдағы республикалық бюджетте жыл сайын белгіленетін күнкөріс деңгейінің шегінен төмен шықпауы болып отыр;

г) әлеуметтік қызметтер көрсетуге жеке сектордың қатысуын нормативтік түрде негіздеудің енгізілуі.  Егер, 2009 жылы, арнаулы әлеуметтік қызметтерді тек 4 үкіметтік емес ұйым көрсетсе, 2016 жылға қарай олардың саны 100-ден асып жығылды және 6 мыңнан астам адамды қамтыды. 2008-2016 жылдар аралығы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың жалпы саны 592-ден 1019-ға өсіп, олардың құрамы келесідей болды: 

- 110 стационарлық медициналық-әлеуметтік мекеме: жалпы сипаттағы қарт және мүгедек адамдарға арналған 50 интернат-үй, 40 психоневрологиялық интернат-үй, 2 тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған мүгедек балалар интернат-үйі, 18 балалардың психоневрологиялық интернат-үйі;

- 74 жартылай стационарлық медициналық-әлеуметтік мекеме: жұмыс істеп тұрған медициналық-әлеуметтік мекемелер жанындағы 3 психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға және психоневрологиялық сырқатқа ұшыраған 18 жастан асқан адамдарға арналған күндізгі болу бөлімшесі;

- 25 белгілі бір тұратын жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы, 17 түнде қону бөлімшесі мен 14 әлеуметтік патруль қызметі;

- үйдегі күтім жағдайындағы 704 бөлімше: 141 мүгедек балаларға және психоневрологиялық сырқатқа ұшыраған 18 жастан асқан мүгедектерге арналған әлеуметтік көмек бөлімшесі, 301 қарттарға және мүгедектерге арналған үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесі, 66 үйдегі аралас сипаттағы қызмет бөлімшесі, 196 үйдегі көмек қызметі (бөлімшесі);    

- 106 үкіметтік емес ұйым. Жыл сайын арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінеді.

Аталған шараларды жүзеге асыру арқылы:

- балалар психоневрологиялық интернат-үйлеріне кезек жойылды;

- өңірлер бойынша қызметтер құны мен қызметтерді қаржыландыру көлемі теңелді;

- үкіметтік емес саланы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарту арқылы азаматтарды қамту ауқымы кеңейіп, қызметтердің қолжетімділігі артты;

- әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 2015 жылға қарағанда 40 пайызға өсті;

- интернат-үйлердегі 626 бала отбасына оралып, олардың 693 анасы жұмысқа орналастырылды. 

 

Әлеуметтік-еңбек саласының жетістіктері

 

Халықтың табыс деңгейін арттыру

Конституциялық кепілдіктерді іске асыруда табыс саясатының және халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың мәні ерекше. Еңбекақы төлеу. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖМ) 15,6%-ға өсіп, 28 284 теңгені құрады.

Еңбекке ақы төлеу саласындағы ахуалды талдау республикада бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 2017 жылғы 4-тоқсанда 163 725 теңгені құрап, 2016 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,9%-ға өскенін көрсетеді. 2017 жылғы 4-тоқсандағы нақты жалақының индексі 2016 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 98,6%-ды құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналдық ақшалай табысы 2018 жылғы қаңтар айында 84 381 теңге деңгейінде қалыптасты және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,6%-ға (76 973)  артты.

 

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру

Қазіргі уақытта елімізде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі қолданылады, ол нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келеді және базалық, міндетті ынтымақты және ерікті деңгейлерде мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті бөлуді көздейді.

«2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VI  ҚР Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8%-ға арттырылды.

Арттыру нәтижесінде 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 15 274 теңгені, базалық зейнетақы төлемін ескергенде зейнетақы төлемінің орташа мөлшері – 70 911 теңгені құрайды.

 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми деректері бойынша 2018 жылғы 1 наурыздағы зейнетақы жинақтарының жалпы мөлшері 7 882,1 млрд. теңгені құрады. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 10,1 млн. шотты құрады.

Міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша төленген мемлекеттік кепілдік көлемі инфляция деңгейін ескергенде 2018 жылғы наурыз айында 1,4 млрд. теңгені  құрады, бұл ретте алушылардың саны 12 123 адамды құрады.

2014 жылдың басынан бері жүргізіліп келе жатқан зейнетақы жүйесін жаңғырту нәтижесінде:

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс кезеңінде жұмыс істейтін әйелдерге, олардың зейнетақы жинақтарын көбейтуге және зейнетақымен қамсыздандырудың қажетті деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау. 2018 жылғы ақпан айында республикалық бюджеттен бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін әлеуметтік төлемдерді 81,7 мың алушының жеке зейнетақы шотына МӘСҚ-тан 375,8 млн. теңге аударылды, бұл ретте 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бүкіл кезең үшін субсидиялаудың жалпы көлемі 17,1 млрд. теңгені құрады.

- еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыста істейтін жұмыскерлердің пайдасына жұмыс берушілердің қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми деректері бойынша 2018 жылғы 1 наурызда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны – 435 587, аударылған жарналардың жалпы сомасы 149,8 млрд. теңгені құрады.

Әлеуметтік қамсыздандырудың басқа салаларында мынадай ахуал қалыптасты.

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша № 1 және № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың саны 15,6 мың адам болды.

№ 1 және № 2 тізімдер бойынша Мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың арттырылуын ескере отырып, 2018 жылдың басынан бері жәрдемақылардың мөлшері 22 656 теңгені және 20 154 теңгені құрайды.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс мөлшерін қайта қарау нәтижесінде оның мөлшері 2017 жылмен салыстырғанда 16%-ға дейін көбейді, тиісінше мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша, сондай-ақ жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері арттырылды.

Мәселен, 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша аталған жәрдемақыларды 675 609  адам алады. Оның ішінде: мүгедектігі бойынша – 505 865 адам, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты – 168 681 адам, жасына байланысты – 1 063 адам. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері жасына байланысты – 14 708 теңгені, мүгедектігі бойынша – 40 680 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты – 33 564 теңгені құрады.

  Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жетілдірілуде. Қолданысқа енгізілген күннен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты 934 млрд. теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленді. 2018 жылғы ақпанда бенефициарларға 15,0 млрд. теңге төленді, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда әлеуметтік төлемдер көлемінен 27,3%-ға артық.

  2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МӘСҚ-тан төленетін еңбек қабілетінен айырылу бойынша  әлеуметтік  төлемдердің орташа мөлшері

14 238 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 16 872 теңгені құрады.

Әлеуметтік қорғалуды күшейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету және қолдау жөніндегі қосымша шаралар қабылданды.

а) ана мен баланы әлеуметтік қолдау бөлігінде, 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша:

- бала тууға байланысты жәрдемақыны 3,4 млрд. теңге сомасында 33,7 мың адам алды (бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 17,4%-ға аз);

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақымен 4,8 млрд. теңге сомасында орташа есеппен 134,0 мың адам қамтылды (бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,6%-ға артты);

- мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақыны жалпы 4,7 млрд. теңге сомасында орташа есеппен 79,0 мың адам алды;

б) халықтың осал санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша

- атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күнкөрісі төмен отбасын қолдау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі, мәселен 2018 жылғы 1 наурызға 173,8 мың адам (34,8) отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылады, оның ішінде - 37,1 мың адам (9,3 мың отбасы) шартсыз ақшалай көмекті алушылар; 136,8 мың адам (25,5 отбасы) шартты ақшалай көмекті алушылар, бұл ретте тағайындалған сома – 1 569,9 млн.теңгені құрады. Көрсетілген кезеңге АӘК – тің орташа мөлшері – 4 515,1 теңгені құрады.

- 2018 жылғы 1 қаңтарға тұрғын үй көмегі  76,6 мың отбасыға, 2 374,9 млн. теңге сомасында көрсетілді (2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда  2,2%-ға азайды). Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2 582 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,5%-ға көп.

 Қабылданған шаралар нәтижесінде, күрделі әлеуметті-экономикалық жағдайға қарамастан, 2017 жылғы 4-тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 проценттік пайызға өсіп, 2,4%-ды құрады.

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша, әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту реформасы жүргізілуде, мемлекеттік, жеке және үкіметтік емес секторларда стационарлық, жартылай стационарлық және үйдегі күтім, уақытша болу бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары кезең-кезеңімен енгізілуде.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын іске асыруға 2017 жылы 978,8 млн.теңге мөлшерінде нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінді.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен:

- 114 стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеде 23,4 мыңнан астам қарт пен мүгедек, оның ішінде мүгедек балалар;

- 99 жартылай стационарлық үлгідегі мекемеде (күндіз болу бөлімшелері, реабилитациялық орталықтар)  14,2 мың адам;

- қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бойынша 506 бөлімшеде 55,7 мың адам;

- 26 Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу орталығындағы, оның ішінде түнде болу және әлеуметтік патруль бөлімдерінде 13,2 мың адам қамтылды.

- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 6 дағдарыс орталығы мен приютта 1 млн. адам қамтылды.

2018 жылғы 1 қаңтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік тапсырыс 16 өңірде 7 мыңнан астам адамды қамтитын 120 үкіметтік емес ұйымда жүзеге асырылды.

- мүгедектерді әлеуметтік қорғауда және оларды қоғамның өміріне етене қатысуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудағы (анықтама үшін: қазіргі кезде республикада 662,5 мыңнан астам мүгедек тұрады, оның ішінде 411 мыңы еңбекке қабілетті, 83,5мыңы 18 жасқа дейінгі балалар) жұмыс Қазақстан  Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар (бұдан әрі – Іс-шара) жоспарына сәйкес жүргізілуде.

2016 жылдан бастап Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) басталды.

2017 жылы Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен жүріп-тұрудың арнайы құралдарының тізбесі кеңейтілді, бұл көру қабілеті бұзылған жандар үшін жаңа тифлотехникалық құралдар; міндетті гигиеналық құралдар; физикалық бұзылу салдарынан өз бетінше қызметі қиындатылған мүгедектер үшін қосымша техникалық құралдар, есту қабілеті бойынша мүгедектер үшін қимыл тілі мамандарының қызметі 30-дан 60 сағатқа дейін ұлғайтылды; бірінші рет 18 жастан асқан кохлеарлы импланты бар мүгедектерге сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызмет көрсетіледі.

Республикалық бюджеттің қолдауымен жергілікті атқарушы органдар 2017 жылы мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 488 бірлік жол белгісі мен көрсеткіштері және 45 бірлік жүргіншілер өткеліне дыбыстық құрылғылар орнатуды жоспарлаған.

Мүгедектердің негізгі тіршілік салаларында пайдаланылатын нысандар мен қызметтерге қол жетімділік бағасы жүргізіледі. 2018 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша 31,2 мың нысан паспортталған, оның 19,5 мыңы бейімдеуге жатады, 16,6 мың нысан бейімделді.

 

Еңбек қатынастары

Еңбек саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік диалогты дамыту, туындаған еңбек шиеленісінің алдын алу және шешу бойынша шаралар қабылдануда.

Еңбек қатынастарын жетілдіру мақсатында Әлеуметтік шиеленісушіліктің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу жөніндегі кешенді жоспар (бұдан әрі – Жоспар) (2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 1295 ҚБПҮ ҚР ҮҚ) іске асырылуда. Жоспар шеңберінде еңбек ұжымындағы еңбек шиелінісі деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің критерийлері мен жүйесі ай-сайын әзірленеді. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша наразылық акцияларының саны 1-ді құрады (Астана қ.);

Кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмысшыларды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негіздеріне оқыту жұмысы жалғасуда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстардың, Астана және Алматы калаларының жергілікті еңбек инспекциясы органдары еңбек заңнамасы жөнінде 2 044 семинар өткізді.

Өндіріс жағдайларын (тәуекелді бағалау жүйесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды, кәсіпорындарды аттестациялауды енгізу) жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Анықтама үшін: 2018 жылғы 1 қаңтарда  еңбек жағдайлары бойынша аттестацияланған объектілер саны 1 539-ды құрады (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 1 852 объекті), еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша енгізілген халықаралық және ұлттық стандарттар саны 2018 жылғы 1 қаңтарында – 1 752 құрады (2016 жылы – 1 476).

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша өндірісте 209 адам жарақат алды (өткен жылдың ұқсас кезеңінде – 220 адам), бұл ретте қаза тапқандардың саны 32 адамды құрады (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 30 адам).

Жұмыс берушілердің еңбек жағдайларын тұрақты түрде жақсартып отыруға мүдделілігін арттыру мақсатында 2014 жылдан бастап өндірістік объектілерді аттестациялау нәтижелерімен расталған зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларын жойған жағдайда жұмыс берушілерді міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатуды көздейтін  зейнетақымен қамсыздандыру туралы норма қолданылады.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2018 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша мерзімінен кешіктірілген (3 айдан артық) жалақы бойынша берешек  28 кәсіпорынның  2 272 жұмыскері алдында 365 млн. тенгені құрады (2017 жылғы 7 наурызға  25 кәсіпорынның 2 366 жұмыскер алдында 369,5 млн. теңгені құраған).

Жалақы бойынша берешек көбіне Оңтүстік Қазақстан (146,8 млн. теңге) және Жамбыл (82,2 млн. теңге) облыстарында орын алды.

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 364 тексеру жүргізіп, еңбек заңнамасы бойынша 2 104 бұзушылық анықтады. Анықталған бұзушылық нәтижесі бойынша ұйымдардың заңды және лаузымдық тұлғаларына мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 64,3 млн. теңгеге 365 айыппұл салды (2017 жылғы 1 наурызда – 65,6 млн. теңге).

Өндіріс жүрісінің тұрақтылығы үшін, еңбек құқығын қамтамасыз ету және жұмысшыларды жұмысқа орналастыру мақсатында облыс әкімдіктері, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында 2015 жылдан бастап меморандумдар жасалады. 2018 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша жасалған меморандумдар саны – 115 мыңды құрады, оның ішінде ірі кәсіпорындармен – 1,6 мың (қамту 82,1 %) және орта және кіші кәсіпорындармен – 113,5 мың (қамту – 67,5 %).

Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамытуда, барлық деңгейде үшжақты комиссия жұмыс істейді. 2018 жылғы 31 қаңтарда Үкімет, жұмыс берушілердің республикалық бірлестігі және республикалық кәсіподақтар арасында Мемлекет басшысы Үшінші жаңғыруда қойған міндеттерді іске асыруға бағыттылған 2018-2020 жылдарға арналған  Бас келісім жасалды.

Бас келісімде экономиканы технологиялық жаңғырту, халықты формальды және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, адами капиталдың сапасын, еңбек жағдайлары мен оны қорғауды, сондай – ақ өндірістік әрі экологиялық қауіпсіздікті жақсарту қамтылған.     Кәсіпорындар мен ұйымдарды ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамту және оған мониторинг өткізу бойынша жұмыс жалғасуда. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ұжымдық шарт жүйесімен 77,6 мың кәсіпорын, немесе қолданыстағы кәсіпорындардың 33,6%-ы қамтылды. Бұл ретте ірі және орта кәсіпорындардың 88,2%-ы ұжымдық-келісім шарт жасаған.

 

Еңбек нарығы және жұмыспен қамту

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) күшіне енді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы).

Ағымдағы 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушылар қатарына Бағдарламаға қатысуды қалайтындар қатарынан 72,4 мыңнан астам адам енгізілді, оның ішінде жұмыссыздар – 50,2 мың адам (69,4%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1,7 мың адам (2,5%). Бұл ретте, 29 жасқа дейінгі жас азаматтардың үлесі – 34,4%-ды, әйелдердің үлесі 49,5%-ды құрайды.

Бірінші бағыт бойынша оқыту бойынша шаралар шеңберінде екі тетік қолданылады:

бірінші тетік – тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан жастарды мектеп бітіргеннен кейін оқу орындарына түспесе 2,5 жылға дейін колледждер базасында тегін кәсіптік-техникалық оқыту.

Екінші тетік – кәсіпорындарды тарта отырып колледждердің және «Атамекен» ҰКП оқу орталықтарының базасында 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде дуальды оқытудың қысқа мерзімді курстары (153 оқу орталығы).

Оқуды еңбек нарығында қажетті дағдылар мен білімдерді алуды қажет ететін барлық жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өте алады.

Сонымен қатар, шалғайдағы ауылдық аудандарда және ауылдарда оқу дағдыларына оқыту бойынша пилоттық режимде мобильдік оқу орталықтары іске қосылды.

Қазіргі таңда 87 техникалық және кәсіптік оқыту ұйымында, 5 пилоттық өңірдегі (Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Қостанай, Маңғыстау) 7 мобильдік оқу орталығында және «Атамекен» ҰКП тізіліміне кірген жұмыс берушілер жанындағы 32 оқу орталығында 6 айға дейінгі қысқа мерзімді оқу жүзеге асырылады.

2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап ТжКОҰ кадрларды даярлауға 21 мыңнан астам адам жіберілді.

Екінші бағыт бойынша ағымдағы жылға 1 наурызға кәсіптік қысқа мерзімді оқытуға 3,9 мың адам жіберілді. Микрокредит беру тетіктерін ауылдық және қалалық елді мекендерде де кеңейтілді.

Осы бағыттың негізгі міндеті жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін кепіл мүлкі жоқ азаматтарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтардың микрокредиттерге қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Микрокредиттер жылдық 6%-бен, 7 жылға дейінгі мерзімге 8000 АЕК- ке дейін, бұл ретте кепілдің жеткіліксіз көлемінде жеке ісін бастағандар үшін 85%-ға дейін және қолданыстағы кәсіпкерлер үшін 50%-ға дейін кредиттерді кепілдендіру тетігі қолданылады.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Атамекен» ҰКП арқылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша өткізіледі.

Бағдарламаға сәйкес қалаларда микрокредит беруді екінші деңгейдегі банктер арқылы, микроқажылық ұйымдар (бұдан әрі – МҚҰ) іске асырады.  «Даму» КДҚ» АҚ оператор болып табылады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, кредиттік серіктестіктер және МҚҰ арқылы іске асырылады. «Аграрлық кредиттік корпорация» оператор болып табылады.

Микрокедитті 83 мыңнан астам адам алды.

Бұдан басқа, 2018 жылдан бастап жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға 100 АЕК- ке дейін мемлекеттік гранттар беру көзделген. Мемлекеттік гранттар қажетті инвертарьді, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алуға пайдаланылады.

Мемлекеттік гранттар өтеусіз және қайтарусыз негізде старт- бизнесті іске асырушы немесе жоспарлап отырған Бағдарлама қатысушыларына ұсынылады.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде мынадай міндеттер іске асырылады:

1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда жәрдемдесу, оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультациялар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру: еңбек ресурстарының ұтқырлығының міндеті шеңберінде Үкімет айқындайтын өңірлерге өз еркімен қоныс аударған адамдарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету көзделген. Бұл өңірлік диспропорцияларға байланысты, олар алдағы уақытта күшейетін болады.

Анықтама үшін: Үкімет ішкі қоныс аударушыларды қабылдайтын төрт өңірді (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) және бес шығу өңірлерін (ОҚО, Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) айқындады.

3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру. Жұмыс іздеу, азаматтардың белгіленген санаттарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қолдау үшін Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық жүйесі немесе Еңбек биржасы құрылды.

Аталған жұмыс қолданыстағы enbek.kz платформасының базасында іске асырылады.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде еңбек күші жетіспейтін облыстарға барлығы 90 отбасы (350 адам) қоныстандырылды. Қоныстандырылғандардың ішінен 164 адам еңбек етуге қабілетті, олардың  70 – і жұмысқа орналастырылды.

Бұдан бөлек, қоныс аударушыларға қосымша мемлекеттік қолдау түрлері енгізілді:

450 АЕК-ке дейін қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беру;

 Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушіге кемінде бес Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру кезінде кемінде үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК мөлшерінде субсидиялар беріледі.

 Ағымдағы жылы 1 наурызға дейін  бос жұмыс орындарына 25 814 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 10 728 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспардың 64 %-ы (жоспар – 16 773 адам). Әлеуметтік жұмыс орындарына ең көп жіберілген азаматтар саны – Оңтүстік Қазақстан облысында - 3 890 адам және Алматы облысында - 988 адам белгіленді.

Жастар практикасына 7 234 адам жіберілді немесе жоспардың 36,3 %-ы (2018 жылға жоспар – 20 300 адам).Жастар практикасына ең көп жіберілген азаматтар саны – Оңтүстік Қазақстан облысында 2 806 адам, Жамбыл облысында 818 адам белгіленді. 22,1 мың адамға қоғамдық жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді (жоспар – 73 580).

Жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізуде.

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 29,6 мың, оның ішінде ауылдық жерде – 9,1 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Салалар бөлінісінде жұмыс орындарының анағұрлым көп бөлігі құрылыста – 4,4 мың, саудада – 4,3 мың, ауыл шаруашылығында –  1,5 мың, өнеркәсіп саласында – 1,0 мың жұмыс орны құрылды.

Құрылған жұмыс орындарының жалпы санынан 88,2%-ы – тұрақты жұмыс орындары (26 130 адам), қалғаны – уақытша және маусымдық.

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас аралығындағы азаматтар) 2017 жылғы 4-тоқсанда 4,1%-ды құрады, (2016 жылғы 4-тоқсанда – 4,2%).

Көші-қон процестерін реттеу (Министрліктің құзыреті бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында республикаға шетелдік мамандарды тарту үшін жыл сайын квота белгілейді.

2018 жылға арналған квота республиканың экономикалық қызмет түрі бойынша жұмыс күніне 0,46%-ы мөлшерінде белгіленді.

Шетел жұмыс күшін тарту мәселесінде басымдық жоғары білікті мамандарға беріледі. 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың еңбек қызметтерін жүзеге асыру үшін 22 388 рұқсат берілді, оның ішінде мамандар – 84,8% (1-3 санат), білікті жұмыскер – 9,7% (4 санат), 1,3%-ы маусымдық шетел жұмыскерлері, сондай-ақ аударылатын корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 4,5%.

Еңбекші мигранттар шыққан негізгі елдер Қытай (9 012), Түркия (2 294), Ұлыбритания (1 261), Үндістан (1 138) және Украина (975) болып табылады.

  2018 жылға арналған рұқсаттарды беру және ұзарту бойынша ставкалар 137 АЕК (329 485 теңге) мөлшерінде 250 АЕК (601 250 теңге) мөлшерінде белгіленеді.

 2018 жылға арналған рұқсаттарды беру және ұзарту бойынша ставкалар 137 АЕК (329 485 теңге) мөлшерінде 250 АЕК (601 250 теңге) мөлшерінде белгіленеді.