Елорда әкімдігінде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне арналған жиналыс өтті

Әкімдікте алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орай Елорданың діни бірлестік өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е. Байкен, елордалық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Н. Әлмұханов, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Гаипов Зулфухар, «Әзірет-Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ә. Серікбай, Астана шіркеу округінің қызметкері архимандрит Сергий, Әулие Мария Рим-Католик Архиепархиясының епископы Томаш Пэта және т. б. қатысты.