Елордада 4 000-ға жуық отбасыға ет таратылды

Пандемияға байланысты биыл Құрбан шалу онлайн түрде өтті. 3 күн бойы Qurban2021.kz сайтына қала тұрғындарынан құрбан шалуға да, құрбан етін алуға да көптеген өтініштер түсті. Қалалық әкімшілік, Діндерді зерттеу орталығы мен еріктілер 3 күн қатарынан тынбай жұмыс жасап, 4000-ға жуық отбасыға ет таратты.

300-ден аса ерікті жастар мен автоволонтёрлар еттерді тұрғындардың үйлеріне дейін жеткізіп берді. Осы игі істе көмек қолын созған әрбір жанға алғысымыз шексіз.

Ислам дінінде алар орны ерекше, ұлы дала төсіндегі ұлық мерекеге айналған Құрбан айт мерекесі де аяқталуға жақын. Әрбір мұсылман жамағатына тілеріміз: шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, атқарған әрбір ізгі амал-әрекеттеріңізге сауаптан жазылсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!