Елордада Діни бірлестіктер арасында футболдан турнир өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, Діндердерді зерттеу орталығы елордалық жамағат арасында футболдан спорттық жарыс ұйымдастырды. Іс-шара «Астана-Арена» стадиондық кешенінде өтті.

Жарыс бірлік пен ынтымақты насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Өткізілген спорттық іс-шара барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен естен кетпес күн сыйлады.

Жарыстың ашылу рәсіміне сөз сөйлеген Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы басшысы Нұрдаулет Әлмұханов еліміздің әрбір азаматы өз денсаулығын күтіп, елдегі спорттық іс-шараларды қолдап, уақыттарын пайдалы өткізу керектігін атап өтті.

Футболдан өткен жарыста «Ақ ниет» командасы бірінші орынды иеленді, «Самғау» екінші орынға жайғасты, ал «Байқоңыр» командасы үшінші орынды қанжығасына байлады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мерекелік шара ұйымдастырушыларының атынан сыйлықтар табысталды.