ЕЛОРДАДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін, 23 сәуір күні "Birge – taza Qazaqstan" республикалық акциясы және экологиялық айлық аясында Нұр-Сұлтан қаласында жаппай ағаш отырғызу бойынша жалпықалалық сенбілік өтті.


Жалпықалалық сенбіліктердің негізгі мақсаты қала көшелерінде тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Елордалық Дін істері басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығы ұжымдарыда да жалпықалалық сенбілікке қатысып, көшелер мен аулаларды көркейту мақсатында 50 түп ағаш отырғызды.

Біз таза қала үшін!