ЕЛОРДАДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Орталықтың ұйымдастыруымен 14-15 сәуір аралығында «Ақпараттық-түсіндіру тобының қызметіндегі инновациялық процестер» тақырыбында Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

Бүгін семинар өз бастауын алды. Алғашқы күні қатысушыларға 2 сессия аясында спикерлер дәріс оқыды.

Алғы сөзді бастаған Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Н. Әлмұханов семинарды өткізудің негізгі  міндеті – халыққа ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстар жүргізу сапасын арттыру, әрі инновациялық тәсілдерді енгізу екенін атап өтті. «Жоба нәтижесінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын жаңғыртуға, әрі жетілдіруге зор мүмкіндік  береді»,- деді басқарма басшысы.

Семинарға дін мәселелері жөніндегі елордалық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының, мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, жас еріктілерден құралған ақпараттық-түсіндіру тобы қатысты.

Қатысушыларға Дінтану саласындағы базалық білімді жетілдіру, Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті тақырыптарында, дүние жүзі халықтарының дәстүрлері мен мәдениеттерін салыстырмалы талдау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің және заңнамасының негіздері, коммуникативті мәдениеті және сөз сөйлеу, оның ішінде көпшілік алдында сөз сөйлеу және басқаларды тыңдау дағдыларын меңгеру бойынша дәрістер оқылды.

Іс-шараға жалпы 70-тен астам елорда бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының белсенді мүшелері қатысты.