Елорданың ерлер жамағатына арналған кезекті «Мейірім алаңы» іс-шарасы табиғат аясында өтті

Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт беретін сұлулық пен әсемдік әлемі. Сондықтан да, аталған шараны табиғат аясында өткізіп, еркін форматта қызықты жүздесу ету мақсатында серуен ұйымдастырылды.

Шара барысында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырумен қатар, табиғат аясында қоқысты жинап тазалыққа ат салысу, отынды жағуда қауіпсіздікті сақтау, қайық есу тәртібі және әдісімен танысу сияқты қарапайым, бірақ, күнделікті өмірде керек дүниелер айтылды.

Оқырмандарға да айтарымыз, сіздерде қандай да діни ақпарат алғыларыңыз келсе, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, iKomek – 109 нөмірі арқылы хабарласа аласыздар немесе Нәжімеденов 10/1 мекен-жайы бойынша келулеріңізге болады.