«Әйел сұлу әдебімен» атты іс-шарасы болып өтті.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған «Әйел сұлу әдебімен» атты іс-шарасы болып өтті. Іс-шараның арнайы қонағы Қазақстан Ұлттық телеарнасы «Бақытты әйел» бағдарламасының жүргізушісі, қазақша психологияны дәріптеуші, танымал блогер Құралай Серікқызы болды. Іс – шара барысында отбасылық құндылықтар, ер мен әйел қарым-қатынасы және «Әйелдің 4 түгелі» төңірегінде әңгіме қозғалды.

Аталған іс-шара жоғары деңгейде өтіп, әйел жамағаты өз алғыстарын білдіріп жақсы көңіл – күйде тарқасты. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің діни сұрақтарға жауап беретін «iKomek-109» қауырт желісі туралы және ақпараттық-түсіндіру таратпа материалдары үлестіріліп, жалпы фотолар жасалынды. Алдағы уақытта осы тектес шаралар жалғасын табатын болады.