Әйел жамағатына семинар ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері басқармасының бастамасымен ҚМДБ елорда өкілдігімен бірлесе әйел жамағатына арнап семинар ұйымдастырылды. Семинардың ашылуында Орталықтың директор орынбасары Жандаулет Сүлейменов зайырлы мемлекеттегі дін ұстанудағы еркіндік және діни керітартпа түсініктерден аулақ болу керектігі туралы ақпаратымен бөлісті. Ал «Әбу Насыр әл Фараби» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов болса діни үкімдерді түсінуде қателікке бой алдырмау туралы мәліметтер жеткізді.

Одан ары семинарды ҚР АҚДМ жанынан құрылған «Дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының» мүшелері ҚМДБ-ң «Әйел-қыздар секторының» меңгерушісі Динара Нұрғалиева және Орталықтың теологы Талшын Қожахметова дәрістерін оқыды.

Тыңдаушылар өз тараптарынан спикерлерге сұрақтар қойып, жауаптар ала білді. Семинар соңында қатысушыларға арнайы таратпа материалдар және кітаптар үлестірілді. Іс-шарада 20-дан аса қыз-келіншектер қатынасты.

Алдағы уақытта жамағатқа арналған оқыту семинарлар жоспар бойынша жалғасын табады.