«КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ АЛЛЕЯСЫНА» 100-ГЕ ЖУЫҚ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

13 мамыр күні Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Конфессияаралық келісім аллеясында» ағаш отырғызылды. Іс-шараға елорданың діни бірлестік өкілдерінің басшылары мен өкілдері қатысты. «Конфессияаралық келісім аллеясына» 100-ге жуық түп ағаш отырғызылды.

«Біздің бірлігіміз - еліміздің басты байлығы. Әр дін өкілінің еліміздің даму жолында қосып жатқан үлестері зор. Қоғамның алға қарай дамуы, ел жастарының табанды да, жан-жақты, рухани кемел болуы үшін біздер, алдыңғы буын үлгі бола білуіміз керек. Бірлігіміз бекем болсын»,- деп шараның ашылуында сөз сөйлеген Дін істері басқармасының басшысы Н. Әлмұханов өз тілегін білдірді.

2017 жылдан бері бастау алған ағаш отырғызу дәстүрі жыл сайын өз жалғасын табуда. Бұндай іс-шаралар қоғам бірлігін арттырып, рух беріп, діндер арасындағы өзара қарым - қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.